Елорда • 02 Қараша, 2020
Елордалықтар ережелерді елемей жүр
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының таралуы күшейе бастады. Соңғы аптадағы ауру жұқтыру көрсеткіші алдыңғы аптадан 1,3 есе немесе 28,7% жоғары. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлады.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Заң өзгертілсе, атау да дұрысталар еді
Ономастика деген сөздің өзі грек тілінен аударылғанда «ат қою өнері» деген екен. Осы жағынан алғанда қазақ халқының алғырлығы, ат қойғыштығы, әдемі атаулар тапқыштығы басқа жұрттың бәрінен озық болған десек көп қателеспейтін шығармыз. Қазақ бір-ақ сөзбен жердің дәл сипатын беретін ат тауып отырған. Мәселен, «Қызылжар» десе бұл жерде өзен бары, оның жары қызыл екендігі көз алдыңа келеді.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Әу баста сенер-сенбесімізді білмей, күмәнмен қараған короновирус індеті сәл саябырсып барып, қайта күш ала бастады. Әсіресе, Шығыста. Соңғы тәуліктегі мәліметтерге көз жүгіртсек, облыста 252 жағдай тіркелген. Індет ушығып бара жатқандықтан шектеу шаралары күшейтіліп, облыс шекараларына санитарлық бекеттер орнатылды.
Коронавирус • 02 Қараша, 2020
Жұмыр жер жұқпалы дертпен жұмыла күресіп жатыр
Шартарапты шырмаған COVID-19 індетінің таралу көрсеткіші бойынша ең алдыңғы қатарда АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей болса, олардан кейінгі орынға Франция мен Испания шықты.
Әлем • 02 Қараша, 2020
Дәл осы сұхбат елдегі тағы бір қанды оқиғаға себеп болады. Қазанның 29-ы Франция қарулы күштері Нотр-Дам шіркеуінде үш адамның өліміне себепкер болған 21 жастағы Тунис азаматын қолға түсірді.