Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Теңізді аудандағы тыңғылықты тірлік
Аймақтағы теңізді ауданның тіршілігінде басқа өңірлерден көп өзгешелік бар. Мысалы, облыстың қалған алты ауданының негізгі бағыты – күріш өндірісі. Ал Аралда 1-2 елді мекен ғана бақша өнімдерін егеді. Қалған ауылдардың күнкөрісі төрт түлік пен балық шаруашылығына байланысты өрбіп отыр. Аудандағы іргелі кәсіпорынның бірі – мыңдаған адам еңбек ететін атақты «Аралтұз» акционерлік қоғамы. Теңізді аймақтың дамуына дем беріп отырған да осы тұзшылар.
Руханият • 02 Қараша, 2020
Шайбани хан және «Мехман нама-и Бухара»
«Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты еңбегінде ұлы Абай: «Бұлар Шағатай нәсіліне қарап жүргенде, Жошы нәсілі өзбек халқын билеп жүрген екен. Сол Жошының Сибан яки Шибан деген баласының тұқымынан бір белгілі Шайбақ деген хан шығып, Әмір Темір тұқымынан Һират, Бұхар, Самарқан шаһарларын тартып алып жүргенде... біздің қазақ біз әуелден өзбек жұртымен аталас едік және де Шыңғыс хан тірі күнінде бізді Жошыға тапсырып еді, «сарт – садағам, өзбек – өз ағам» деп, Шайбаққа қарап кетіпті», деп жазғаны белгілі. Мұнда данышпанның Шайбақ хан деп отырғаны Шайбани хан.
Елорда • 02 Қараша, 2020
Көше құрылысындағы көшелі істер
Елорданың есігінен еніп, босағасынан аттаған кез келген адам көрікті көшелеріне көз салмай өтпесі анық. Сәулетті де сәулелі ғимараттарынан кейін кілемдей төселген жолдары әдемі әсер сыйлайды. Иә, жайлы да жарық көшелер жиырма жыл болған қаланың сәні мен салтанатын асырып, мәртебесін көтеріп, ажарын аша түсері анық. Ендеше, жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстар мен атқарылған ауқымды істерге тоқталып көрсек.
Экономика • 02 Қараша, 2020
«Жұмыртқа өндірісі субсидияға жарымай отыр»
Осы жылдың қаңтар-тамыз аралығында елдегі жұмыртқа өндірісі 8 пайызға кеміді. Сондай-ақ экспортталатын өнім көлемі де едәуір қысқарды. Жұмыртқа бағасы 30 пайызға өсті. Бұл – Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының дерегі.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Көмір бағасы бақылауда болғанын қалайды
Түркістан өңірі тұрғындарының басым көпшілігі қысқа дайындықты кеш бастайды. Сары күз – қазанда күннің жылы болуы қарашаға дейін қамсыз жүруге сеп болады. Бұған қоса бірқатар аудан, ауылдар «көгілдір отынмен» қамтылған. Дегенмен үйін көмірмен жылытатындар да аз емес. Оларды жыл сайын қоңыр күзде мазалайтын мәселе – көмір сапасы мен бағасы. Тапшылық көретіндер де баршылық.