Қоғам • 02 Қараша, 2020
Автопарк қызметкерлері жауапкершілікке тартылды
Таң ағарып атқаннан кеш қарайып батқанға дейін бір жүрген жолын он қайыра жүретін қоғамдық көлік жүргізушілерінің қызметі әсте оңай емес. Автокөлік кептелісі де жүйкені жұқартады. Кіріп-шыққан жолаушыларды қадағалау жұмысы тағы бар. Солай болды екен деп, жолаушылар көлігінің жүргізушілері әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатылмайды. Ондай құқықбұзушылықтардың алдын алудың көрінісі ретінде құқық қорғау органдары ел аумағында өткізген ауқымды «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын айтуға болады.
Таным • 02 Қараша, 2020
Сіздің әлдебір отырыстарда немесе кезекті жиындардың бірінде қайсыбір замандасыңыз туралы немесе қоғамдағы өте өзекті мәселе төңірегінде елеусіз ғана айта салған ойыңызбен ол адамның өмірін немесе күн тәртібінде күйіп тұрған сол мәселені түбегейлі өзгертіп жіберуіңіз ғажап емес. Әрине, мәселенің мәнісі оң шешімін тауып, әлгі бейбақтың ғұмыры жақсы жағына өрістеп кетсе, нұр үстіне нұр ғой.
Экономика • 02 Қараша, 2020
Жол қауіпсіздігін қалай арттырамыз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, жыл сайын 1,3 млн-ға жуық адам жол апатынан қаза болады. Демек, күніне үш мың адамның жүрегі жол үстінде тоқтайды. Бұған жыл сайын шамамен 25 млн адамның түрлі жарақат алатынын қосыңыз. Осының салдарынан әлем экономикасына айтарлықтай шығын келуде. Шығынның көлемі кейде ішкі жалпы өнімнің 3 пайызына жетіп жығылатын кездер де жоқ емес.
Қаржы • 02 Қараша, 2020
Осы күні банктерден несие алмаған адамды күндіз қолыңа шам алып іздесең де табуың қиындау-ау. Көбінің басында 1-2 несиеден бар, бір банктен қарыз алып, екіншісіндегіні жауып жүргендері қаншама. Әу баста несие дегеннен басымызды алып қашатын едік, қазір бұған әбден ет үйретіп алдық. Аяқасты ақша керек бола қалса, көбінің айтатыны жалғыз ауыз сөз – «Тәуекел, көп болса кредит алармын...»
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Агломерация есебінен ұлғайып келе жатқан Алматыдағы бос жатқан жерлерде тұрғындар ортақ игілігін көретін қоғамдық орындар пайда болды. Жуырда Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы Абай даңғылының бойындағы ағаштарды қайта отырғызуға шешім қабылдағанын және дәл осы күндері бұл іске тиісті мекемелер кірісіп те кеткенін жазған едік.