Таным • 02 Қараша, 2020
Әлем түркологиясындағы алып шынар
Шығыс – мажарлар үшін қасиетті тарихи-мәдени ұғым. Себебі ежелден әмбеге аян. Құрлықтық Еуразияның шығысынан баяу жылжи отырып, Ұлы даланың батыс шебіне – Карпат қойнауына қоныс тепкен, сөйтіп Еуропада мемлекеттілігін құрып, адамзат көшінде өзіндік орнымен ерекшеленген мажарлар Шығысты қастерлейді, құрметтейді. Сондықтан да Шығыстану ғылымының сан саласы Мажарстанда ұлттық сипаттағы ғылыми пән ретінде ертеден жолға қойылған. 1926 жылы Бакуде ұйымдастырылған (бүкілодақтық деп келген, шынтуайтында халықаралық), келелі түркология конференциясында неміс ғалымы Теодор Мензел Мажарстан түркологиясын «Hockburg der Turkologie –түркітанудың қамалы» деп бағалауы бекер емес.
Әлем • 02 Қараша, 2020
«Мен сөз бостандығына мүмкіндік беремін»
Франция президенті Эммануель Макрон Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына наразылық танытқан мұсылмандарға қатысты мәлімдеме жасады. Al-Jazeera басылымына берген сұхбатында қандай жағдай болса да қатыгездікті қолдамайтынын айтты. Сондықтан радикалды бағыттағы топтармен жұмыс жалғаса түседі деген ойын білдірді.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
«Қызыл Абадта» қордаланған мәселе көп
Бұл күнде «Қызыл Абад» шағын ауданы Тараз қаласының аумағына қарайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Шөлдала», «Құмшағал» алқаптары да облыс орталығына қосылған болатын. Қазіргі кезде көне Тараз шаһары түрленіп, сәулеті артып келе жатқанымен, қала аумағына қарайтын бірқатар алқапта түйіні тарқамаған түйткілді мәселелер әлі де көп. Әсіресе «Қызыл Абад» шағын ауданында тұрып жатқан әлеуметті ауызсу, жол, газ, интернет сияқты көптеген мәселе толғандырады.
Абай • 02 Қараша, 2020
«Осы өлең – оқитұғын дұғам менің»
Сөз дегеніміз – гармония, философия, магия, энергия, таным, пайым. «Жақсы сөз жақсы терек тәрізді, оның тамыры тереңде болады да бұтақтары аспан бойлап кетеді. Демек, ол Құдай әмірімен мезгіл-мезгіл жеміс беріп тұратын қасиетті терекке ұқсайды», дейді Құран. Мұхаммед (с.ғ.с.) хадис шарифінде «Сөзде сиқыр бар, ал өлеңде – даналық», дейді. Сопылық поэзияның көрнекті өкілі, дінтанушы, әмбебап дарын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Халық тілі – Құдай қаламы» дейтін түйінді пікір айтады.
Руханият • 02 Қараша, 2020
Айтыс – қазақтың қанында бар қасиетті өнер. Бұл өнер түрін сонымен қатар синкретті сала деп саралаған жөн. Тапқырлық та, өрнекті өлең де, әуезді ән мен мың құбылған мақам да айтыстың бір бойынан табылады.