Қоғам • 02 Қараша, 2020
Кеменің құпиясына қанық бойжеткен
Қазақстанның батыс өңірінің тұрғындары болмаса, басқамызға теңіз бен алып кемелер күнделікті көз үйренген көрініс емес. Көпшілігіміз тек суреттен тамашалайтын су көлігі жайлы біліміміз де таяз. Баршаға бірдей түсінікті бола бермейтін осы саланың елімізде жілігін шағып, майын ішкендер де аз емес. Теңіз техникасы және технологияларының қыр-сырын жетік меңгерген Ирма ЕГІНБАЕВА бүгінде әлемнің озық білім ордасын тәмамдап, шетелдің ғылыми институттарында тәжірибе жинап, Норвегиядағы ірі кәсіпорнында қызмет етіп жүр.
Білім • 02 Қараша, 2020
Креативті экономика дегеніміз не?
«Bolashaq» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Жастар және инновациялар» онлайн форумы өтті.
Саясат • 02 Қараша, 2020
Жемқорлықты «жүгендеуге» болады
Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамда теріс құбылыс болып табылады, бұл егжей-тегжейлі зерделеуді, жүйелік тәсілдерді, жедел түрде оған қарсы кешенді іс-әрекеттер жасауды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру Қазақстан үшін мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдылығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында нақты айтқан болатын.
Футбол • 02 Қараша, 2020
«Ел-Класико»: «Астана» «Қайраттан» тағы жеңілді
Өткен аптаның жұма-сенбі күні футболдан Қазақстан чемпионатының 16-тур ойындары өтті. Бұл турда турнир кестесінде алғашқы төрттікте келе жатқан төрт команда бір-бірімен кездесіп, қай клуб қай орынға лайық екенін байқатты. Қатарынан бесінші мәрте жеңіске жеткен Алматының «Қайраты» ұзақ күткен чемпиондығына бір табан жақындай түсті.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Түркістан облысының мақталы аудандарында жиын-терін жұмыстары аяқталуға жақын. Облыс бойынша мақтаның бірінші терімін алғаш болып Бәйдібек ауданының диқандары аяқтады. Ал бүгінде 22 мың тонна «ақ алтын» жинаған Ордабасы ауданында өнімділік жоғары.