Технология • 02 Қараша, 2020
Цифрлы трансформацияға ұмтылыс ұлғайды
Өңір елдерінің уәкілетті органдарының жетекшілері, Израиль мен Эстонияның халықаралық сарапшылары және БҰҰ-ның жетекші мамандарымен бірлесіп, электронды үкіметті дамытудағы заманауи инновациялық шешімдерді ұсынды. Халықаралық конференцияға Еуропа, Азия және Американың 20 елінен мемлекеттік органдар мен электронды үкіметті дамыту саласындағы және халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ университеттердің 100-ден астам өкілдері қатысты.
Білім • 02 Қараша, 2020
Індет қос бүйірден қысқан күрделі кезеңде қажетті сақтық шараларын барынша ескере отырып, жаңа оқу жылы жалғасып жатыр. Қазір мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақындады. Оқушылар 28 қазаннан бастап тоқсандық жиынтық бақылау тапсыруды бастады.
Білім • 02 Қараша, 2020
Білім алуға ұмтылған оқушыларды қолдаушылар көп. Солардың қатарында халықаралық «MINIBOSS» бизнес-мектебі де бар. Жақында Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің бес оқушысы аталған мектептің білім грантына ие болды.
Тарих • 02 Қараша, 2020
Ақталмай қалған арыс (Қазақтың алғашқы ұлттық әскери маманы Айтқали Абылаев туралы не білеміз?)
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсыруы жұртшылық тарапынан қолдау тапты. Өйткені Кеңес өкіметінің 1920-1950 жылдардағы асыра сілтеп, озбырлықпен жүргізген саясатын әшкерелейтін тарихи әділдік шаң басқан құжаттар архив қорларында ашылмай жатыр. Ұлт тарихының ақтаңдақ беттерін қайта саралап, зерделейтін уақыт жетті.
Тарих • 02 Қараша, 2020
«Қысқы соғысқа» қатысқандардың дерегі табылды
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі 1940 жылы финдерге қарсы «Қысқы соғысқа» («Зимняя война») қатысқан қазақстандық солдат Амантаев Мұхамбетқалидің немересін тапты. Жауынгердің сүйектері 2020 жылдың мамыр айында Клёст аралынан (РФ, Ленинград облысы, Выборг ауданы) табылды.