Медицина • 02 Қараша, 2020
Жастар тіс протезін тегін жасап жатыр
Тісі ауырып дауа іздеп келген әрбір кісінің тісі мен ауыз қуысының үлгісін алып, одан арнайы протез жасайтындар – тіс техниктері. Бүгінде бұл мамандық жоғары сұранысқа ие. Осыдан екі жыл бұрын елімізде алғаш рет Талдықорған жоғарғы медицина колледжінде есту қабілетінен айрылған жандарды тіс технигі мамандығы бойынша оқытатын арнайы топ ашылған еді.
Медицина • 02 Қараша, 2020
Экстракорпоральды ұрықтандыру МӘМС пакеті есебінен жүргізіледі
Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұған дейін кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне енді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.
Технология • 02 Қараша, 2020
Кейінгі уақытта инстаграм желісін қолданушылар арасында күтпеген жаңалық орын алды. Күтпеген деуге де негіз бар. Инстаграм арқылы миллионер атанып жүрген көп блогер мұндай өзгеріс болатынынан үміт үзіп кетіп еді. Бірнеше жылдан бері жаһандық трендтен түспей тұрған «фото галерея» әлемі блогерлердің екінші тынысын ашқандай.
Медицина • 02 Қараша, 2020
Қатерлі ісікке қарсы дәрі жасады
Қазақстандық-америкалық биолог және Назарбаев Университеттің ғалымы Дос Сарбасов мутацияланған қатерлі ісік жасушаларын өздігінен жоюға мүмкіндік беретін дәрі әзірлеуді аяқтауға жақын. Оның дәрісі күшәла негізіндегі америкалық препаратпен бірге аз мөлшерде ұйқы безінің қатерлі ісігінің 95 пайызында, тоқ ішектің қатерлі ісігінің 30 пайызында және өкпенің қатерлі ісігінің 20 пайызында кездесетін KRAS-мутант жасушаларына қарсы тиімді екенін көрсетті.
Экономика • 02 Қараша, 2020
Биткоинның бағасы 14 000 доллардан асып түсті. Мұндай жағдай 2018 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет тіркеліп отыр.