Туризм • 02 Қараша, 2020
Kazakh Tourism құрамына қосылды
Алматы қаласындағы Kazakh Tourism ұлттық компаниясының жобалық кеңсесі құрамына «Көлсай көлдері», «Іле Алатауы», «Алтын Емел», «Шарын», «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктерінің өкілдері қосылды.
Туризм • 02 Қараша, 2020
Өткен аптада бейнеконференция арқылы туристік қызметтер мен өнімдерді жылжыту бойынша Қазақстан-Литва жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Аталған салалық жұмыс тобы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Литва үкіметаралық комиссиясының шеңберінде құрылған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Туризм • 02 Қараша, 2020
«Ұлттық парктің басты проблемасы – қоқыс»
Дамир Малгелдиев – Іле-Алатау ұлттық паркінде студент күнінен бері жұмыс істейді. Қатардағы кіші ғылыми қызметкер болып келіп, 21 жыл ішінде Бас директор лауазымына дейін жетті. Жалпы, табиғатты қорғау саласындағы мамандардың бәрі бұл істі өмірдің мәні деп қарайды десек, Дамир үшін Іле-Алатау паркі екінші үй секілді. Аң-құсын, өсімдігін жазбай таниды. Әр тасы мен шөбіне өз ауласындай қарауға тырысады. Парк өміріндегі болып жатқан өзгерістерді мұқият бақылап, оның заманға сай дамуы үшін жасалып жатқан шаруаларды сүзгіден өткізіп отырады. Дұрыс шешімдердің қабылдануына барын салып араласады. Жуырда Аюсай шатқалында экотуризмді дамытуға дайындалып жатқан инфрақұрылымды таныстырған Дамир НҰРБЕКҰЛЫМЕН ұлттық парктің келешегі мен шешімін таппаған проблемалар жөнінде тілдескен едік.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Ауа райы күрт құбылып, қара жерге қатқақ тұрып, қар басып қалғанына қарамастан Қостанайда абаттандыру жұмыстары толастамайды. Ашық демалыс орындарындағы бос жерлерге жасыл желек әсем шыршалар отырғызылды. Жөндеуден жаңа өткен көшелердің жағалауындағы кәрі ағаштар кесіліп, орнын жас көшеттер басуда.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Қазақстандық қос қорық биосфералық резерваттарға қосылды
ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы «Адам және биосфера» бағдарламасының ұлттық резерваттар желісі екі жаңа резерватпен толықты.