Қоғам • 29 Қараша, 2023
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тоқтам салу жайы талқыланды
«Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан спикерлер қоғамға тереңдей еніп кеткен кеселмен күресуде салдарымен арпалысуды ғана емес, себебін де байыптауға мән беру қажеттігін ескертті.
Егемен Қазақстан • 29 Қараша, 2023
Бокс • 29 Қараша, 2023
Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан жасөспірімдердің әлем біріншілігінде еліміздің былғары қолғап шеберлері тым сүреңсіз өнер көрсетіп жатыр.
Аймақтар • 29 Қараша, 2023
Жылы жаққа қайта алмай қалған жыл құсын Қостанай ауданына қарасты Александров елді мекенінің тұрғындары ауыл маңындағы тас жолдың бойынан ұшырастырған. Бірқазан қазір Алтынсарин ауданындағы Силантьев ауылында, Арақарағай орман шаруашылығының қорықшысы Арыстан Әлімқожиновтың қолында. Орманшы құс қолға үйренсе, көктемге дейін бағамын деп отыр.
Қаржы • 29 Қараша, 2023
KASE: 30 жылдың жетістік тарихы
Теңгенің мерейтойынан екі күн өткен соң Қазақстан қор биржасы (KASE) да өзінің отыз жылдығын атап өтті. Бұл – тіпті де рәмізді емес, заңды сәйкестік. Себебі KASE биржасының іске кірісуімен ұлттық валютамыз толыққанды төлем құралына айналып, еліміздің қаржылық және экономикалық егемендігін қамтамасыз етті. Қазіргі таңда KASE посткеңестік кеңістіктегі биржалар арасында бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша 2-орынды, ал FEAS – Еуро-азия қор биржалары федерациясының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша 4-орынды еншілеп отыр. KASE басқарма төрағасы Алина Алдамбергенмен Биржаның өткен жолы жайында ғана емес, оның егемен Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудағы рөлі туралы да әңгіме қозғауды жөн көрдік.