Аймақтар • 29 Қараша, 2022
Жуырда Шымкентте «жасыл қала» атты арнайы акция ұйымдастырылды. Осынау экологиялық іс-шара аясында мегаполистегі Қаратау ауданына қарасты Шымсити мен Тұран шағын аудандары көгалдандырылды. Атап айтқанда, көше аумақтарында 15 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.
Қазақстан • 29 Қараша, 2022
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ 2022 жылдан бастап кепілдіктерге өтінімдерді қарау үрдісін және инжинирингтік компанияларды таңдауды қоса алғанда, барлық бизнес-процесті мақсатты цифрландыру бойынша жүргізіп келеді.
Қазақстан • 29 Қараша, 2022
Superpave технологиясы енгізіледі
Елімізде автомобиль жолдарының эксплуатациялық сипаттамаларын арттыру мақсатында Superpave технологиясы пайдаланылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.
Туризм • 29 Қараша, 2022
Қыс хабары білінер тұста тау жұпарымен тыныстап, шаңғы тебу үшін Алматыға ағылатын жұрттың қарасы қалыңдайды. Алатау баурайының туристік әлеуетін танытып, қонақтарын құшақ жая қарсы алатын Шымбұлақ кезекті рет қысқы маусымын ашты.
Өнер • 29 Қараша, 2022
Ұлы суретші Марк Китли Американы сүйді, топырағына табынды, табиғатына сыйынды. Көркем өнердің конституциясын жазған Париж заңына бағынбады. Ол туған жеріне қасқырдай адал болды. Мұны тіпті бояумен де әдіптеді. Алғашқы картинасы – мәңгілік сағынышының мекені болды.