Руханият • 01 Қараша, 2022
Астананың музыкалық өмірі ерекше джаз концертімен толықты. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында пианист Сергей Ким елордалық Үрлемелі аспаптар оркестрімен бірге «All the Jazz» концертін ұсынды.
Аймақтар • 01 Қараша, 2022
Ардагер энергетиктердің басқосуы
Шымкент қаласында ардагер энергетиктердің халықаралық ХІ форумы өтті. Аталған іс-шараны Қазақстанның электр машина жасаушылар қауымдастығы мен Қазақстан ардагер энергетиктері кеңесі ұйымдастырды. Форумға еліміздің және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты ТМД мемлекеттерінің ардагер энергетиктері қатысты. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары мен аймақтық электр желілері компанияларының басшылары шақыртылды.
Қоғам • 01 Қараша, 2022
Өңір баспасөзінің қара шаңырағына айналған облыстық «Aq jol» газетінің жарық көргеніне биыл жүз жыл толды. Ғасыр бойы өңір тарихын тасқа таңбалаған басылымның мерейтойы Баласағұн атындағы орталық концерт залында сән-салтанатымен өтті. Іс-шараға өңір басшысы Нұржан Нұржігітов арнайы қатысты.
Экономика • 01 Қараша, 2022
Әуе билеттерінің тарифі қалай реттеледі?
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасы аясында Азаматтық авиация комитетінің өкілдері қазақстандық әуе компаниялардың жетекшілерімен кездесті. Оған Air Astana, Fly Arystan, Scat, Qazaq Air, «Южное небо» және «Оңтүстік» сынды авиа тасымалдаушылардың басшылары қатысты.
Экономика • 01 Қараша, 2022
Үшінші мегаполисте жылына 345 миллион жөргек өндірілетін болады. Аталған зауыт құрылысы келесі жылдан бастап салынады. Осы жоба арқылы 145 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Сонымен бірге мал азығы өндірісі мен пластик шығаратын ірі кәсіпорын құрылысын жүргізу де жергілікті әкімдік тарапынан жоспарланды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб жиынында осы жоспарлар туралы жан-жақты баяндалды.