Қоғам • 01 Қараша, 2021
Күз – жиын-терімнің аяқталуымен қатар жаз бойы жайылымда жүрген малдың қоңданып, семіретін кезі. Сонымен қатар бұл мал ұрлығы да көбейетін шақ. Осы уақыттан бастап мал қораланатын болған соң бақташымен жасалған үшжақты шарттың мерзімі аяқталады. Ал үшжақты шарт мал иесі, бақташы және жергілікті өзін өзі басқару органы арасында жасалып, оны әкімдік бекітеді.
Қоғам • 01 Қараша, 2021
Мыңнан астам әйелге қолдау көрсетілді
Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық қоғамды алаңдатып отырған күрделі мәселе болып отыр. Алматы қаласында Jas Otan, «Қазақстан еріктілер лигасы» және «Бақытты отбасы» орталығында жүзеге асып жатқан Gulbolsyn жобасының 3 кеңес беру пункті жыл басынан бергі аралықта тұрмыстық зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге қолдау көрсетіп келеді.
Аймақтар • 01 Қараша, 2021
Модульдік полиция бекеттерінің септігі
Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған облыс еліміздегі қылмыс аз жасалатын өңірлердің бірінен саналады. Биыл 9 ай ішінде полицияға келіп түскен 90 мыңнан астам хабарлама қаралған. 4 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Облыста кісі өлтіру, ұрлық, бұзақылық, денсаулыққа ауыр зиян келтіру сияқты қылмыстар саны азайған, 10 мың адамға шаққандағы қылмыс саны 75-ті құрады.
Коронавирус • 01 Қараша, 2021
«АрселорМиттал Теміртау» Pfizer-ге арналған мұздатқыш камералармен қамтамасыз етті
«АрселорМиттал Теміртау» Қарағанды облысының дәрігерлеріне Pfizer-BioNTech вакцинасын қабылдауға дайындалуға көмектесіп жатыр. Компания өндіруші талап еткен тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайы үшін 97 арнайы мұздатқыш камера сатып алды. Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өңірдегі емханалар мен ауруханалар Қазақстан да бірінші болып тегін жабдықтар алады.
Коронавирус • 01 Қараша, 2021
Әлемде COVID-19 вирусын жұқтыру және өлім саны соңғы екі айда алғаш рет тағы артып, пандемияның әлі де жалғасатынын көрсетіп отыр. Бұл туралы Женевада өткен брифинг кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлім етті.