Өнер • 01 Қараша, 2022
Мың-сан бояудың толқыны есетін картинада бейнеленген пейзаж, портрет, образдан басқа көңіл күй де болады. Иә, суретшінің көңіл күйі. Мұны кейде автордың көзқарасы деп те жатамыз. Кез келген суретшінің шығармасынан кімде мұң көп, кімде шуақ көп, кім философиялық ойларға жиі барады – қолтаңбасы анық байқалады. Мәселен, француз суретшісі импрессионист Огюст Ренуарды өнертанушылар «бақыт суретшісі» дейді. Мына жарық әлемге ынтық Ренуар қолына қылқаламын алғанда ылғи реңді сәттерді, жақсы әсерлерді сездіруге тырысады.
Қоғам • 01 Қараша, 2022
Жылдары баяу жылжығанымен, айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан қоғамның мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаж екені жиі байқалады. Тағдырдың жазуымен егде тартқан шақтарында жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ыңғайлы, біртұтас ағзадай жүйелі жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі.
Қоғам • 01 Қараша, 2022
Таңмен бірге оянып, күн сайын Қазақ радиосының хабарларын тыңдаушылардың қатарында бармыз. Таңертеңгі сағат 7:00-ден бастап эфирге шығатын, үш сағаттық, Дина Орынтай мен Мұхтар Тұртай жүргізетін «Қайырлы таң, Қазақстан!» бағдарламасы өз тыңдаушыларын баурап алады. Ара-арасында берілетін жарнамаларға да осы күндері көпшіліктің бойы үйренгендей. Алайда біздің айтпағымыз ол емес, басқа нәрсе.
Футбол • 01 Қараша, 2022
Футболдан Қазақстан чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда турнир кестесінде көшбасшы өзгерді. Бірнеше тур бойы топ бастап келген «Ақтөбе» 25-турда сырт алаңда «Ордабасымен» тең ойнап, екінші орынға түсіп қалды. Ал ақтөбеліктерді өкшелеп келген елорданың «Астанасы» бұл турда «Қызылжарды» тізе бүктіріп, чемпионат тізгінін өз қолына алды.
Аймақтар • 01 Қараша, 2022
Солтүстік Қазақстан облысының орталығында осы жылғы алғашқы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған облыстың 13 ауданының өкілдері келіп, ауылшаруашылық өнімдерін саудалады.