Ахмет Байтұрсынұлы • 01 Қараша, 2022
Ақаң мерейтойы – Түркия төрінде
Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына орай ТҮРKСОЙ аясында Ыстамбұл қаласында «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті» атты ғылыми конференция өтті. Алқалы жиынға Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Маджидли Физули, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев, Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Ыстамбұл университетінің ректоры Махмут Ак, сондай-ақ осы шараны халықаралық деңгейге көтеруге атсалысып жүрген велошеруші, аудармашы Ернат Мелсұлы қатысты.
Руханият • 01 Қараша, 2022
Тарихты ғылыммен де, көркем әдебиетпен де зерделеген
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Тұрсынхан Зәкенұлының ғылыми шығармашылығына арналған «Шығыс өркениетін зерттеудің дәстүрі мен жаңа парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Руханият • 01 Қараша, 2022
«Бекежан мырза, сөзді бөле бердің ғой» дегеннен шығады бәрі. Сонау «Қыз Жібек» фильміндегі осы бір тіркес орайы келгенде, сөзіміздің ләміне айналып кетті. Қазақтың әңгіме арасына килігіп, әдептен аса қоймағаны осындай кесек туындылардан байқалады. Әдебиетінен, киносынан, тағы басқаларынан айқұлақтанып көрінеді. Бұл – сөзді бөлмеу, әңгімеге орынсыз килікпеу болса, ән-күй тыңдаушылар мәдениеті де бар емес пе?
Өнер • 01 Қараша, 2022
«Күләшпен кездесу – әнмен кездесу еді» депті қазақтың бұлбұл әншісі Күләш Байсейітова жайлы толғанғанда композитор Латиф Хамиди. Олай деуіне себеп те, дәлел де мол. Өйткені әншінің бойындағы саф алтындай жарқыраған тума талант қай кезде де оның даралығын танытып тұратын. Күләштің әнін бір тыңдаған жан балға арбалған арадай үн құдіретіне мас болып, әншіні қайта-қайта тыңдауға бейілді еді. Ал талайды тамсандырған сол дауыс оқу-тоқусыз, табиғаттың өзімен әнші бойына дарыған айрықша дарын екенін білген музыка мамандары сол кездің өзінде-ақ әншінің көмейіне ұя салған көркем үнді құбылысқа балайтын. Әйтпесе театрға алғаш жұмысқа қабылданған жылы операның не екенін білмеген жанның арада жылға жуық уақыт өтпей сахнаның нағыз бұлбұлына айналғаны құбылыс емей немене?!
Кино • 01 Қараша, 2022
1945 жылы хакім Абайдың туғанына 100 жыл толды. Дәл осы айтулы датаға байланысты Алматы көркем және хронологиялық фильмдер студиясы «Абай әндері» фильмін түсіруді қолға алды. Бұл туындыны соғыс жылдарында Қазақстанға келген, сол кездегі Одаққа танымал режиссерлер – Григорий Рошаль мен Ефим Арон түсірді. Сценарийін заңғар жазушы Мұхтар Әуезов жазды.