Қоғам • 01 Қараша, 2022
Ел тәуелсіздігін сақтап, оны келер ұрпаққа аманаттау – ұлы міндет. Бұл міндет сапалы орындалуы қажет. Яғни ел тәуелсіздігін келер ұрпаққа тап-тұйнақтай етіп, ауыр зардаптар әкелуі мүмкін қауіп-қатерлерді қазір еңсеріп, мемлекеттің ынтымағын барынша нығайтып барып аманаттаған жөн. Бұлай етпейінше тәуелсіздігімізді өскелең ұрпақтың қолына тапсырдық деп тоқмейілсу жарамайды. Сондықтан ел тәуелсіздігін қыл көпірдің үстінде қалт-құлт еткізбей, сара да даңғыл жолға түсіруіміз маңызды.
Қоғам • 01 Қараша, 2022
Кедергісіз орта қалай қалыптасады?
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғаммен ықпалдастыру – инклюзивті ортаны дамытудағы басты қадамдардың бірі. Жалпы, білім беру мекемелерінде инклюзивті қолайлы ортаны қалыптастыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи мүмкіндіктері бірте-бірте нәтижесін көрсетіп келеді.
Қоғам • 01 Қараша, 2022
Республика күні қарсаңында Жетісу облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысан ел игілігіне берілді. Бұлардың қатарында спорт алаңы мен халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрлық кеңсесі және бес медициналық орталық бар. Осының нәтижесінде 4 мыңнан астам ауыл тұрғыны сапалы медициналық қызметпен қамтылды.
Ғылым • 01 Қараша, 2022
Дамыған елдерге әлемнің әр қиырынан жылт еткен жаңалықты зерттеп, қолданысқа енгізу қиыннан-қиыстыратын шаруа емес. Өйткені білімнің негізін жетік меңгеріп, ізденістен қол үзбейтін ғалымдар өз саласының соңғы жаңалықтарын қалт жібермей бақылап отырады. Осындайда ғылымдағы үдерістер әлемдегі барлық елдің тәжірибесіне дендеп енсе, білім-ғылымды игеруде жаһандық жаңалықтар баршаға қолжетімді болса дейсің. Астанада басталып, әлемнің бірнеше еліне тікелей эфирде тараған V Нобель фестивалінің мақсаты да сол, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіндегі білім-ғылымды, инновациялық технологияларды әлемнің әр қиырындағы халыққа мейлінше тарату болған.
Ғылым • 01 Қараша, 2022
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ә.Марғұлан атындағы археология институтының филиалдары ашылды.