Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Қалауын тапса қалдықтан да қайыр бар
Елдегі кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуінен бөлек, жаңа технологиялардың көмегіне жүгіне отырып экологиялық тиімділігін арттырудың маңызы зор. Мемлекет басшысы баса назар аударып отырған цифрландыру бағдарламасының түпкі мақсаты да осында жатыр. Сарапшылардың жыл басында жасаған зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың жылына 5 млн тонна қоқыс шығаратыны анықталған. Бұл бір адамның үлесіне шаққанда жылына 350-400 кило қоқысты құрайды деген сөз. Ал еліміздегі қалдықтарды қайта өңдеу нарығының көлемі 40 млрд теңгеге бағаланған. Бұл істі жүйелі жолға қою ең алдымен экологиялық қиындықтардың алдын алса, екінші жағынан ел экономикасы үшін аса тиімді.
Президент • 26 Қараша, 2018
Президент • 26 Қараша, 2018
Өнер • 26 Қараша, 2018
Жайсаң мінезді Ғазиза Жұбанова
Ұлттық өнердің шежіресінде шеру бастаған танымал тұлғалардың арасынан Ғазиза Жұбанованы да табуға болады. «Жақсыдан жақсы туады, жақсының жолын қуады» деген осы. Қазақстан және КСРО Халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ғазиза Жұбанованың осы бейнесімен қауыша отырып, оның ұлттық заманауи музыкамыздың негізін қалаушы Ахмет Жұбановтың қызы екендігін аттап өте алмаймыз.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Асауды алғаш ауыздықтағандар кезінде ғарышқа адам ұшқандай ұлы қадам жасаған еді
Елім дейтін, жерім дейтін әр жүректі дүр сілкіндірген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала – рухани жаңғыру жолындағы жүйелі жұмыстың жарасымды жалғасы. Елбасы еңбегі – қай жағынан қарағанда да көп қатпарлы дүние. «Құшағың жетпейтінді құшақтай алмайсың» деген қағиданы ұстана отырып, біз өз мақаламызда Ұлы даланың автор атаған жеті қырының бір қырын ғана сөз етпекпіз.