Аймақтар • 01 Қараша, 2021
«Малшылардың маршалына» құрмет
Биыл атақты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар келген тұлға мерейтойы Жамбыл өңірінде лайықты деңгейде аталып өтті. Әуелі Тараз қаласында даңқты шопан бейнеленген мемориалдық тақта мен «Ауыл шаруашылығы» сквері ашылды. Оның ашылу салтанатына еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ардагерлер, сондай-ақ Жазылбек Қуанышбаевтың ұрпақтары қатысты.
Бағдарламалар • 01 Қараша, 2021
Отбасы банк «Корпоративті өнім» ипотекалық бағдарламасына серпін берді
Кез келген ұжымнан баспанасыз қызметкерлер табылады. Бұлар – жас мамандар, яки отбасын жаңадан құрған қызметкерлер мен әрқилы себептермен үйлі болуды кешеуілдеткендер. Мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істейтіндердің жайы белгілі, түрлі жеңілдіктермен, мемлекеттік бағдарламалармен тұрғын үй несиелерін алуға жол тауып жатыр. Ал жекеменшік сектор мен бюджеттік емес мекемелерден несібесін тауып отырғандардың баспана мәселесі қалай шешіледі?
Қоғам • 01 Қараша, 2021
Қылышынан қан тамған Кеңес Одағының саясатына қарсы шығу екінің бірінің қолынан келмейтін іс еді. Әсіресе 1960 жылдары кеңестік идеологияның ызғары қатты болатын. Ол кезде идеологияның кемiстiктерiн көре бiлу үшiн ерекше бiлiм және көрегендік, сыни пiкiрлердi ашық айту үшiн жүрек жұтқан батылдық керек болды.
Қазақстан • 01 Қараша, 2021
Қандастар көші қайтсе қарқын алады?
Қазіргі таңда ақпарат айдынындағы өзекті тақырыптың бірі – сыртқы көші-қон мәселесі. Әсіресе, жастарымыздың шетелге қоныс аударуы, brain drain яғни мамандардың жыраққа кетуі жиі көтеріледі. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың басқа елге кетуі, жырақта жүрген жастарымыздан «айырылып қаламыз» деп уайымдау мәселесіне қатысты өз ойын білдірген-ді.
Оқиға • 01 Қараша, 2021
Бір отбасын түгел пышақтаған күдіктіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Бір отбасындағы үш адамды өлтірген жігітке қатысты қылмыстық іс әлі де тергеліп жатыр. Сот күдіктіні қамауда үстау туралы санкция мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.