Өнер • 02 Қараша, 2021
Батыс Қазақстан – Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Сейтек сынды күйшілер өмірге келген өнерлі өлке. Ұлттық музыка өнерінде есімі өшпестей сақталатын бұл есімдердің лайықты ізбасарлары бар ма? Жақында Орал қаласында өткен жас күйшілер сайысы осы сауалға жауап бергендей.
Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Батагөй ақсақал атындағы сынып
Түркістан қаласында тарихы ерекше, түлектері танымал мектеп бар. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов, жазушы, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының тұңғыш лауреаты С.Ерубаев, академик Ісмет Кеңесбаев, филология ғылымдарының докторы, академик Мәулен Балақаев сынды тұлғалар іргетасы 1898 жылы қаланған осы мектепте білім алған.
Спорт • 02 Қараша, 2021
Жапонияның Китакюсю қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Өкінішке қарай, аталған жарыстан Қазақстан құрама командасының қоржыны бос қайтты. Жекелеген жаттығуларда ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жете алмағанымыз былай тұрсын, көпсайыстың қорытындысына да көңіліміз толмады. Бұл бәсекеде Елжана Таниева мен Ділназ Байленова өнер көрсеткен еді. Алғашқы бағдарламада үздік 18 гимнасшының қатарына қосыла алмаған қазақ қыздары жарыстың финалдық бөлігіне өте алмады.
Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың
Қостанайда «Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Екі күн бойы елді елеңдетіп, Тобыл өңірі тұрғындарын тұмса өнердің тұнығына сусындатқан айтулы жыр сайысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналды.
Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Сиырды цифрлы құрылғымен сауады
Елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен өнімділіктің жоғары көрсеткішіне қол жеткізу жолындағы жұмыс бір төбе. Ал Алматы облысында осы саланы цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жыл сайын өңірде ақылды технология элементтерін пайдаланатын кәсіпорындар саны өсуде.