Таным • 02 Қараша, 2022
1911 жылы қаңтар айында Троицк қаласында қазақ тарихындағы алғашқы журнал «Айқап» жарыққа шықты, сол жылдың 16 наурызында «Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарияланды. Ол орыс және қазақ тілдерінде басылды. 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап Орынборда «Қазақ» газеті шыға бастады. Ташкент қаласында Ақпан төңкерісі қарсаңында «Алаш» газеті жарық көре бастады. Бұл басылымдардың барлығының идеялық бағыты әртүрлі болды, бұл оларды шығарушылардың көзқарастарына байланысты еді.
Сұхбат • 02 Қараша, 2022
Роза Аманова: Қазақ елін ерекше қадірлеймін
«Мен сені сағынғым келеді». Осы бір сыршыл да әуезді әні арқылы тыңдарманның жүрегіне жол тауып, талай жанның рухани жақынына айналған Роза Аманова тек қырғыз елінің ғана емес, қазақ халқының да шексіз махаббатына бөленіп келе жатқан бақытты әнші. Қазақтың «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген теңеуі де дәл осы жанға қаратып айтылғандай. Қырғыз Республикасының халық әртісі, Тоқтағұл атындағы Қырғыз мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, этномузыкатанушы, өнертану докторы, профессор, Қырғызстан бойынша әйелдер арасындағы жалғыз дастаншы, қомызшы, сазгер, әнші, мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы – бір басына мың-сан өнерді тоғыстырған талантты тұлғаның жүрек қылын шертер тағылымды әңгімелері де әсерлі. Астанада өткен Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында талайды тамсандырған өнер иесімен сұхбаттасудың сәті түсті. Әңгімеміздің әлқиссасын да әнші төскейде малы, төсекте басы қосылған бауырлас қос мемлекеттің мызғымас достығы мен тереңнен тамыр тартар тіні бұзылмас туыстығынан бастады.
Қазақстан • 02 Қараша, 2022
Umai: мүсін жеңімпазы анықталды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тағайындаған еліміздегі алғашқы Umai ұлттық сыйлығы – бұл театрлық «Оскардың» аналогі. Үш ай бойы Қазақстанның атақты суретшілері Umai сыйлығы мүсіншесі сызбасының авторы болу құқығы үшін таласты. Сыйлықты өткізу алаңына айналған «Астана Опера» театрының көркемдік кеңесі үздіктердің үздігін анықтады.
Руханият • 02 Қараша, 2022
Осыдан тура үш жыл бұрын жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рамазан Тоқтаровтың «Бақытты құлдықтың ақыры» деген романын оқыған едік. Тәуелсіздіктен кейін туған үздік туындылардың қатарына жататын романның бірінші бөлімі біз әңгіме еткелі отырған Қысқаш пен оның айналасына арналған.
Руханият • 02 Қараша, 2022
Жазушы-драматург Талаптан Ахметжан тірі болса, былтыр алпыстың асқарына шығар еді. Алпыс жылдығын уақтылы атап өтуге шектеу шаралары тұсау болды. Десек те игіліктің ерте-кеші жоқ. Кеше облыстық А.Пушкин кітапханасында Талаптан Ахметжанның 60 жылдық мерейтойына орай «Таңғажайып Талаптан» атты естеліктер жинағы мен «...Ғұмырын қишы жасынның!» атты қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.