Білім • 02 Қараша, 2022
Ақпарат ағыны тасқындап, жер-жаһанның жаңалығын смартфонға сыйғызған технократия заманының жеткіншектерін таңғалдыру қиын. Олардың дүние туралы танымын, білімге деген зейінін ашу үшін жаңаша әдістерді пайдаланудың артықшылығы мол.
Білім • 02 Қараша, 2022
«Біз – Алаштың ұрпағы». Елордадағы Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназияда өткен танымдық кездесу сабағының тақырыбы осылай аталады. Алаш қайраткерлерінің идеяларын қазық етіп алған «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының негізінде өткен сабаққа М.Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы, №72 мектеп-лицейі, С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы, Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тани атындағы №85 мектеп-лицейінің мұғалімдері қатысты.
Медицина • 02 Қараша, 2022
Сусамырды емдеудің озық үлгісі
Алматадағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Израильдің Тель-Авив Эндокринология, метаболикалық аурулар және диабетология институтының басшысы, профессор Евгений Мошкович келді. Эндокринология саласының білгір сарапшысы осы сапарында еліміздің әр аймағынан келген эндокринологтер үшін «Эндокринология саласындағы диагностика мен емдеудің заманауи стандарттары» шеберлік дәрісін өткізді.
Медицина • 02 Қараша, 2022
Отандық фармацевтикадағы серпін
Елордада «Global pharm» II Халықаралық фармацевтикалық форумы өтті. Форумға ДДҰ, ЮНИСЕФ, қоғамдық медициналық ұйымдар мен қауымдастықтар, Халықаралық фармацевтикалық компаниялар, Қазақстан мен ТМД-ның басқа да елдерінің танымал фармацевтикалық кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Қоғам • 02 Қараша, 2022
Қоғамда «гуманизм мен мейірімділік актісі» аталып кеткен «Рақымшылық жасау туралы» заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Заң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы ізгілік идеясының негізінде, яғни қаңтар оқиғаларына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихында жарияланған оныншы рақымшылық болса, нақты бір оқиғаға байланысты, яғни ситуациялық мұндай заң елімізде тұңғыш рет қолданылып отыр.