Әдебиет • 26 Қараша, 2018
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасы
Елімізде заңсыз айналымдағы атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар азайған. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде тұрғындардан суық қаруды ерікті түрде қайтару жөніндегі биылғы іс-шараның аяқталуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов мәлімдеді.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Энергия инфрақұрылымы жаңғыртылуда
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 34-қадамында белгіленген міндеттерді іске асыру аясында Павлодар өңірінде бірқатар жобалар қолға алынған. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының хабарлауынша, бұл күндері өңір экономикасына мемлекет-жекеменшік әріптестігі бағыты арқылы қомақты инвестиция тартылуда. Жалпы құны 5,5 млрд теңге болатын 11 жоба бойынша келісімшарт бекітілді. Оның ішінде денсаулық сақтауға қатысты – 8, энергетика және 1 әлеуметтік қызмет көрсету салаларына тиесілі 2 жоба бар. Облыс орталығы және Екібастұз қаласында көшелерді жарықтандыру желілерін модернизациялау бойынша инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Қазіргі кезде ел экономикасына сүбелі үлес қосып отырған ірі өндіріс орындары қайта жаңғыртылып, цифрландыруға қадам басты. Соның нәтижесінде өнім өндіру көлемі арта түсті. Жуырда Павлодар өңірінде алюминийдің 60 миллионыншы тоннасы өндірілді. Бүгінде отандық алюминий тотығы Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Еуропа елдеріне жіберілуде.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Экономиканың қозғаушы күші – экспорт
Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы халыққа арнаған Жолдауында «Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуы тиіс», деп ерекше атап көрсетті. Бұл емес. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс ахуалында экономиканы дамытатын қозғаушы күш – жаһандық бәсекеге қабілетті экспорттық өнім шығаратын өндіріс екендігін Елбасы бұдан бұрын да талдап көрсеткен, міне тағы «тайға таңба басқандай» тап басып отыр.