Депозит • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Қазақстан халқының банк депозиттері 27 трлн теңгеге жақындап қалды. Бір жыл ішінде олардың көлемі 17,6 пайызға немесе шамамен 4 трлн теңгеге артқан. Сонымен қатар орташа сыйақы мөлшерлемесі де өсті, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасында өткен төмендегідей оқиға қазір медициналық қауымдастықтың үлкен талқысына түскен еді. Биыл мегаполисте аневризманың жарылуымен қатар инсульттан кейін комаға түскен 67 жастағы науқасқа үш бірдей күрделі отаны қатарынан жасаған еді. Содан кейін төрт айдан соң ол ақ халатты абзал жандарға алғыс айту үшін ауруханаға өзі келді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қостанайда банк кассирі мен полиция қызметкерлері 3 миллион теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған зейнеткерлерді дер кезінде тоқтатып, ірі қаржы шығынынан құтқарды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Бүгін «Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» жылының жабылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, сондай-ақ ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері мен тиісті ведомстволарының өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Халықаралық OPSI платформасы Қазақстанның e-Qyzmet – персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу бойынша сараптамалық материал жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.