Әдебиет • 29 Қараша, 2023
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Қарашаның басында Әділет министрі Азамат Есқараев үкімет отырысында алманың апорт сортын бренд ретінде бекітілгенін хабарлады. Оның айтуынша, меншіктеп алғалы тұрғандардың қатарында апорттан өзге қымыз, құрт, көже, сондай-ақ мал терісі де бар. Қазір бұларды патенттеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Апортты 13 қазанда отандық бренд деп тіркетіп қойған, енді оны халықаралық деңгейде тіркету үшін құжаттар әзірленіп жатыр. Ал сарапшылар бұл шешім осы сорттың халықаралық нарықта танылуын және шынайылығын арттыруға ықпал ететінін айтады.
Мәселе • 29 Қараша, 2023
Орталық Азияға ортақ су мәселесі
Орталық Азияда су тапшылығы мәселесінің күрделеніп бара жатқаны жиі айтыла бастады. Ирригациялық инфрақұрылымның пайдалану уақыты 50 жылдан асып кеткен. Суарылатын алқаптардың 50 пайызынан көбі тұзданған. Судың 40 пайызы суаратын каналдарға сіңіп кетеді екен.
Өндіріс • 29 Қараша, 2023
Киік етінен консерві шығара бастады
Арқалықтағы «Торғай ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі киік етін өңдеп, консерві шығаруды қолға алып отыр. Ет комбинатындағы жаңа өндіріс 11 қарашадан бастап жұмыс істеп жатыр. Содан бері кәсіпорын 4 мыңнан аса консерві жасап шығарып, қала дүкендеріндегі сауда сөрелеріне қойған.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Скандинавия түбегінде гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Дания, Норвегия және Швецияның бірқатар шаһарында өтіп жатқан жарыста 32 мемлекеттің өкілдері өнер көрсетіп жатыр. Солардың қатарында Қазақстанның ұлттық құрамасы да бар.