Спорт • 29 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек» деп атап өткен еді.
Әдебиет • 29 Қараша, 2022
Ол бір әңгімесінде «Кейіпкерлерім өтірікті кешіре алмайды» деп жазыпты. Рас, кейіпкеріне өтірік айтқызған жазушының әдебиетте жолы болған емес. Болмайды да. Кейде мимырт тірліктен шаршап, демалу үшін оқитын дүниелер іздейміз. Қайта-қайта кеңес өкіметін сағынып, ол кезде қаламақы деген көп еді деп аузының суы құритын қартаң қаламгерлердің шығармаларының көбін оқып болғанбыз, енді бізге керегі өз замандастарымыздың жазғандарымен танысу. Шыны керек, қазір прозада есімі жиі аталатын қаламгердің бірі – Бақытгүл Сәрмекова. Оның әр шығармасынан қазіргі қоғамның ащы шындықтары айқай салып тұрады. Кейіпкерлері де біртүрлі, есімдері Итбай, Жарбагүл, Жақаш болып кете береді. Қаламгер жағымсыз кейіпкерлердің аттары оқырман ойында жатталып қалатынын ескерсе керек.
Әдебиет • 29 Қараша, 2022
Ымырт үйірілген шақта немесе айнала тыныштық құшағына оранып, түн қойнауында ондық шамның түбінде отырғанда; көңіл іші алабұртып, елегізіп әлдене іздеп аласұрғанда, жан құмары бөгде кеңістікті іздеп, өзінде жоқты бармен толтыруға ұмтылғанда шынайы оқырман қолға поэзия кітабын алады. Егер сол кітап Генрих Гейненің өлеңдері болса, онда оқырман жүрегі діттеген мақсатына бек жетер деп ойлаймыз.
Әдебиет • 29 Қараша, 2022
Бұл да бір қызық әңгіме, оқырман! Бұл да бір қызық сұрақ. Менімен келіспеуіңізге де, келісуіңізге де болады. Әлемді құтқаратын адамзаттың аяулы сезімдерінің бірі десек, ол – түпсенімі шығар. Әрине, сіз бұған дейін өткен ғұламалардың сөздерін келтіріп, бірнеше қисынға жыққаныңызбен, оларға да неше түрлі уәж бен дау айтылып, жазылып жүргенін білеміз. Мәселен, Достоевскийдің «әлемді құтқаратын сұлулық» деген сөзі кең таралғанымен, оған да әркім әртүрлі дау айтады. Біреулері «сұлулық емес, мейірім, махаббат құтқаратынын» дәйектейді. Ақыры әлемді қандай қасиет, нендей сезім құтқарады деген сұрақ сол қалпы жауапсыз қалғанға ұқсайды. Анығында әлемді адамзат баласы құтқарып қала алмайтын сияқты көрінеді. Тіпті адамзаттың кейбір сезімдерін техникалық құбылыстар жалмап бара жатқанда мұндай әңгіме айтудың өзі... Күлкілі сияқты сезіледі, кейде. Ал әдебиеттегі кейіпкерлер әлемі арқылы саралай бастасақ, біраз жайдың беті ашылардай көрінеді.
Қазақстан • 29 Қараша, 2022
Заңғар көркі – ілбіс: тау тағысын бақылау қалай жүргізіледі?
Ерекше қорғауды қажет ететін әрі сирек кездесетін аңның бірі – ілбіс немесе барыс (Unica unica). Ілбіс – әлі толық зерттелмеген және зерттеу, табиғи құндылықтарын білу барысында ізденуді талап ететін, сыры жұмбақ аң. Барыс денесі созыла түскен тапалша жыртқыш. Дене тұрқы 125-137 сантиметрді құрайды, құйрығы ұзын, шамамен 90 сантиметрге дейін жетеді, ал салмағы 39-40 кило болады. Жүні мамықтай жұмсақ әрі қалың. Ілбіс Қазақстан Республикасының және Халықаралық табиғат қорғау одағының (ХТҚО EN санаты) қызыл кітабына енгізілген. Дүниежүзілік және Қазақстан фауналарындағы туыстың жалғыз өкілі саналады.