Аймақтар • 29 Қараша, 2019
Жуалы ауданында «Қараалма» кешені ашылады
Тарихы терең Әулиеата өңірін туристік аймаққа айналдыру бүгінде өңір үшін күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Сонымен қатар табиғат тамашаларын да тиімді пайдалану аймақ туризмін дамытуға жол ашпақ. Бұл ретте тосын табиғатымен ерекшеленетін Жуалы ауданында «Қараалма» тау шаңғы базасын ашу қолға алынған болатын.
Аймақтар • 29 Қараша, 2019
Тұлға ескерткіші тұғырға қайта қонды
Өткен жылы даңқты жырау Жамбыл Жабаевтың Тараз қаласындағы бұрынғы көк базардың маңында тұрған ескерткіші орнынан алынып, оның көшірмесі былтыр қазан айында облыстық әкімдік ғимаратының алдына қойылған болатын. Әрине, бұл бастаманы құптағандар да болды. Алайда жарты ғасырдан астам уақыттан бері Әулиеата өңірінің төлқұжатына айналған алып шойын ескерткіштің тұғырынан түсуіне және әкімдік ғимаратының алдына оның көшірмесінің қойылуына өңірдегі бірқатар азамат наразылық та білдірген еді. Бірақ көптеген наразылыққа қарамастан атақты мүсінші Хакімжан Наурызбаевтың бұл әйгілі туындысы «Жасыл Тараз» мекемесінің қоймасына қойылды.
Руханият • 29 Қараша, 2019
Ақтауда Герольд Бельгерге аралған кеш өтті
Ақтауда танымал жазушы, әдебиеттанушы, аудармашы, публицист және қазақ елінің патриоты Герольд Бельгердің туғанына 85 жыл толуына орай облыстық «Видергебурт» неміс этномәдени орталығы облыстық әмбебап кітапханамен бірлесе әдеби кеш өткізді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Ассамблея хатшылығының баспасөз қызметі хабаралды.
Футбол • 29 Қараша, 2019
Футбол: Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үш сатыға жоғарлады
Футболдан Қазақстанның ұлттық құрама командасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде үш сатыға жоғарлап, бұл күндері 118-орынды иеленуде. Жерлестеріміз 1155 ұпай жиды.
Қоғам • 29 Қараша, 2019
Жемқорлықпен күресу құндылықтары
Тәуелсіздік алғаннан кезеңнен бері еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының негізгі мақсаты – тиімді тетіктер мен институттарды құру екені көпке аян. Бұл үрдіс үнемі жетілдіріп келеді. Және мемлекеттік басқару құрлымының назарына түскен емес. Бұл жұмыс ел аумақтарында белсенді жүріп жатыр.