Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Аймақтар • 30 Қараша, 2017
Шаяндарды зерттеген ғалым жүлдегер болды
Облыс орталығындағы жоғары оқу орындары, кәсіпорындар өкілдері, студент жастар арасында «Жас Ғалым-2017» облыстық байқауы өтті. Байқауда С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің жас ғалымдары бірнеше жоба бойынша жүлдегер атанды
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Кеше елорда төрінде орналасқан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де еліміз территориясынан тыс жерде туып-өсіп, тәуелсіздіктен кейін атамекенге оралған қазақ зиялыларының бастамасымен құрылған «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен «Рухани жаңғыру және отандастардың елдік болмысы» атты конференция болып өтті.
Аймақтар • 30 Қараша, 2017
Павлодарда бір күнде 432 отбасы баспаналы болды
Облыс орталығында жаңадан салынып жатқан «Сарыарқа» шағын ауданында 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жарқыраған жаңа үйлер еліміздегі «Өңірлерді дамыту-2020» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерді. Әкімдіктің хабарынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биік үйлерді «Project City Group» ЖШС салған, құрылыс құны 3,4 млрд теңге. Жалдау құны бір шаршы метрі – 1110 теңге.
Парламент • 30 Қараша, 2017
1991 жылы 1 желтоқсанда біздің елімізде бірінші рет халықтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы болды. Оның қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланды. Мемлекет басшысы сайлауға қатысқан сайлаушылардан 98,78 пайыз дауысын алып, керемет жеңістің биік тұғырынан табылды. Бұл ең алдымен егемендікке енді еркін қадам баса бастаған республикамыз басшысының сол кездің өзінде халықтың үлкен сеніміне ие болып үлгергенін танытты. Бұл көрсеткіш оның жаңа саяси жүйедегі Президент лауазымына қаншалықты лайық екенін нақты айқындап берді. Тап осы 1 желтоқсан еліміздегі ең бір елеулі күндердің бірі ретінде тарихта мәңгіге қалды. Сондықтан да ол 2011 жылғы 14 желтоқсанда «Президент күні» ретінде тәуелсіз Қазақстанның мерекелері тізіміне ресми түрде енгізілді.