Қоғам • 27 Қараша, 2019
Қайткенде жол қауіпсіздігі жақсарады?
Көшелерге «Сергек» бейне-тіркеу камералары ілінгелі бері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің заңды сақтауға деген сергектіктері оянғаны рас. Өйткені әрбір ереже бұзу реті қалтадағы қаржыға тіреледі емес пе. Бірақ «Сергек» бейне-тіркеу камераларын жаппай қолданысқа енгізудегі басты мақсат ақша ғана жинау емес еді.
Қоғам • 27 Қараша, 2019
Әкенің қас-қабағы – баланың бас сабағы
Қазақ халқында әке әрдайым ұрпақ тәрбиелеудегі, тұлға қалыптастырудағы маңызды әрі ең байырғы әлеуметтік институт болған. Бүгінде әкелерге тарихи миссия жүктеледі: олар алтын тіні үзіле жаздап барып, қайта ұштасқан ата-баба мирасы мен жас ұрпақ арасын жалғар буынға айналуы, яғни ұрпақтардың асыл сабақтастығын қамтамасыз етуі керек.
Аймақтар • 27 Қараша, 2019
Жұмысшылар наразылығы туындамасын десек...
Еліміздің қай түкпірінде болсын, сол өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алға қарай дамуына септігін тигізе алатын қаржылық күш-қуаты мол компаниялар мен корпорациялар бар. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында мұндай кәсіпорындар сапында Альянс КПО б.v бар десек, Атырауда «Шеврон», ал Ақтөбеде «СНПС» корпорациясын айтуға болады.
Қоғам • 27 Қараша, 2019
Әлеуметтік инвестициялардың жаңа үлгісі: білім беруді ұйымдастырудағы тиімді тәсіл
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы жариялаған Бес әлеуметтік бастаманың бір бағыты студент жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту бағдарын ұстанғаны белгілі. Тұрмыстық жағдай жайлы сөз қозғалғанда, тіл ұшына жатақханамен қамту мәселесі алдымен оралары анық.
Қоғам • 27 Қараша, 2019
Облыстағы басқа аудандар сияқты Ертіс, Май аудандарының жұртшылығы да ауыз суға зәру. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, 180 ауыл жергілікті су көздерінен, 55 ауыл кешенді блок модулінен тұтынса, 6 ауылға су тасымалмен жеткізіледі. 2016 жылдан бері өңірдегі ауылдарда ұзындығы 1 мың шақырымдық су құбырлары тартылып, 112 ауылға орталықтандырылған су жүйесі жеткен.