Қазақстан • 26 Қараша, 2018
«Астана» ФК мен «Arda Football» меморандумға қол қойды
«Астана» футбол клубының кеңсесінде «Arda Football» мектебімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Arda Football» – жаттығу жұмыстарын толықтай ағылшын тілінде өткізетін балалар футбол мектебі.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Дамир Исмағұлов жекпе-жекке Австралияда даярлануда
Ресейдің Орынбор өлкесінде туып-өскен қандасымыз, ережесіз жекпе-жек өнерінің хас шебері Дамир Исмағұлов Австралияға аман-есен жетіп, қазіргі кезде осы спорт түріндегі ең белді ұйым – UFC-дегі тұсаукесер кездесуіне тыңғылықты даярлануда.
Экономика • 26 Қараша, 2018
Б. Сағынтаев: тарифтерді төмендету тапсырмасы 1 қаңтардан орындалуы керек
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында электр энергиясына, көмірге, ТКШ қызметтеріне бағаны төмендету мәселесі және Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларды орындау аясындағы байланысы қаралды.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Байланыс қызметтерінің бағасын төмендету үшін қолжетімді «әлеуметтік» тарифтер әзірленеді
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кабельдік кәрізжелілерін жалға беру қызметі тарифтерін, сонымен қатар, ауылдарда кабельді телефон мен интернет тарифтерін реттеу бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жұмысы қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысы туралы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова баяндады, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Экономика • 26 Қараша, 2018
Электр энергиясы мен тауарлық газ бағасын төмендету туралы бұйрықтар бекітіледі
Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысы Президенттің 07.11.2018 ж. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселеден басталды. Электр энергиясы мен көмір тарифтерін түсіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтып берді, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.