Қоғам • 27 Қараша, 2019
«Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды», деп Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты өзінің өзекті мақаласында атап айтқандай, ару Алматымыздың көркіне көз жүгіртіп, көңілімізді сүйсіндіретін алма ағаштарын көргенде, Арыстан Ғазизұлының есімі еске түседі.
Руханият • 27 Қараша, 2019
Талайлы тағдырдан сыр шерткен...
Мағауия Аманжолов деген есім өткен ғасырдың 70-жылдарының басынан бастап дүркіреп шықты. Шыққанда да, бейнелеу өнері дейтін шығармашылық әлем аясында жан-жаққа таралды. Білмейтіндер ойлаған шығар, бұл өзі үлкен оқу ордасын бітірген, мың бояулы дүниенің қыр-сырын әбден меңгеріп, ысылған азамат екен деп. Жо-жоқ, олай емес еді. Мағауия сол жылдарда өзінің студенттік әдемі, әсерлі уақытында жүр еді.
Руханият • 27 Қараша, 2019
Баршаға аян, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындағы мәйекті ойдың төңірегінде «Мәдениет пен дәстүр – ұлттың генетикалық коды» деген тұжырым санамызда қалыптасып үлгерді. Ал қазақтың қара домбырасы ұлттық тектің жады емес пе?! Күмбірлеген домбыраның үні халық тізгінін ұстаған абыз ақсақалдарымыздың, ел билеген билеріміздің ақыл-парасатын, рухын асқақтатқан, кіндік қаны тамған отанын қорғаған батырларымызға күш-жігер, ақын-жыршыларымызға шабыт берген.
Руханият • 27 Қараша, 2019
Алматы көшелері тағы бір жаңа атаумен толықты. Қазақстанның халық жазушысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай Алатау баурайындағы алып шаһардың ұзын әрі кең көшелерінің біріне ақын есімі берілді. 2018 жылы Алматы қаласы әкімдігінің арнайы қаулысымен Алматы қаласы Алатау ауданы Алғабас шағын ауданынан көше берілген болатын. Осы қаулы негізінде берілген көшенің салтанатты ашылу рәсімі «Қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынова – 80 жыл» атты еске алу шарасына орайластырыла өткізіліп, шараға Нұр-Сұлтан шаһарынан және Атырау облысынан арнайы делегациялар келіп қатысты.
Театр • 27 Қараша, 2019
Сәкеннің соңғы сапарын сахналады
«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?!» деп жырлаған қара өлеңнің Құлагері – Ілияс Жансүгіровтің осы бір ұлы сөзін ұран еткен қазақ елі жыл басынан бері мерейтойы аталып өтіп жатқан қайраткерлер мұрасын кеңінен насихаттап, Алаш арыстары рухына тағзым етіп келеді. Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов сынды тұлғалар туған киелі топырақтан басталған тағылымды шаралар легі олар туып-өскен облыс шекарасынан шығып, тұтас ұлт деңгейінде тойланып жатқанына да біраз болды. Оның бір айғағы – бас шаһарға гастрольдік сапармен келген Қарағанды облыстық С.Сейфуллин атындағы драма театрының «Сәкеннің соңғы сапары» қойылымы елордалық көрермендерге тамаша тарту болғаны сөзсіз.