Қазақстан • 27 Қараша, 2019
Комиссияның кезекті отырысы өтті
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Руханият • 27 Қараша, 2019
Қырғыз-қазақ – алаштан... (Бішкекте қазақ-қырғыз зиялыларының IV форумы өтті)
Кеше Бішкек қаласында Халықаралық Түркі академиясының мұрындық болуымен «Бекем бауырластық байланыстар» атты қазақ-қырғыз зиялыларының IV форумы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары қарсаңында өткен алқалы жиынға Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Сұлтан Раев, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Нұрпейісов Жогорку Кенеш депутаттары, екі елдің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми институт басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Экономика • 27 Қараша, 2019
Ақтау тұрғынынан марихуана тәркіленді
«Көкнәр-2019» республикалық операциясы аясында жүзеге асырылған жедел-іздестіру шаралары аяқталуда. Еліміздің көптеген аумағында Шу алқабынан марихуана тасымалдаған азаматтар ұсталды.
Қоғам • 27 Қараша, 2019
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өмірді сақтайды
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде «Еліміздегі жедел ахуал туралы» брифинг өтті. Онда Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Беккер еліміздегі орын алған төтенше жағдай жөнінде айтып берді.
Қоғам • 27 Қараша, 2019
Жемқорлықтан азат қоғам құру тәжірибесі талқыланды
Соңғы үш жылда елімізде сыбайлас жемқорлық деректері азайған. Transparency Kazakhstan жүргізген сауалдама нәтижесіне сәйкес Қазақстандағы жемқорлықтың себебі көп жағдайда шенеуніктердің азаматтарды әуре-сарсаңға салуынан туындайды. Сондай-ақ қандай да бір мәселе тиісті органдардағы бөлім басшылары деңгейінде шешіліп, пара көлемі 500-ден 500 мың теңге аралығын құраған. Ал шағын және орта кәсіп иелерінің пікірінше, жемқорлық деректері салық, жер басқармасы, аудандық әкімдіктер, полиция, өртке қарсы қызмет, кеден саласында көп кездеседі. Дегенмен де сауалдамаға қатысқандар соңғы жылдарда жемқорлық деңгейі 54,4 пайызға төмендегенін атап өткен. Сұралғандардың әрбір оныншысы мәселенің пара беру арқылы ғана шешілетінін айтса, жетпіс пайыздан астамы бизнес саласының ашық жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігі бар екендігін айтады.