Қазақстан • 24 Қараша, 2017
Қазақстан • 24 Қараша, 2017
Қазақстан • 24 Қараша, 2017
Бүгінге дейін Арқаның Аққызы деп келген едік. Енді Алаштың Аққызы дей алатынымызды білдік. Бір замандарда Арқадағы шертпе күй өнерінің шежіресі мен шерін айтуға тыйым салынған болатын... Ауыз толтырып айта алмауымыздың себебі – содан. Батыста Дина болса, Арқада Аққыз. Бұлай жүйелеуді Жүзбайдың жампоз Жанғалиы да, Тұрысбектің Секен серісі де құптайды.
Қазақстан • 24 Қараша, 2017
«Қазыналы елдің» ырысы ортаймайды
Қазіргі кезде қариялардың айтар ақжарылқап сөзі аз ба? Жастарға үлгі ұсынып, ізгілік пен игілікке жөн сілтеуде қариялар алдында тұрған маңызды міндеттер – ардың ісі, абыройдың қарекеті. Жастар бойындағы жаман қасиеттерді дер кезінде байқап, саналы сөзімен, салиқалы тәжірибесімен жөн көрсетуде ақсақалдық қасиет аттан түспеуі керек. Абыз Абайда: «Ақсақалдар айтпады деп жүрмесін» деген сөз бар. Ел алдындағы ұлы міндетті Абайша түсініп, ақыл-ой таразысын тең ұстауда қарияларымыз қатарын сиретпесе екен деп тілейміз.
Қазақстан • 24 Қараша, 2017
Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ деп жатамыз. Расында да солай екеніне ешкімнің таласы бола қоймас. Өзінің өткен тарихы мен ежелгі салт-дәстүрлерін дәріптей білген елдер мен халықтардың еңсесі қашан да биік, жүзі қашан да жарқын. Әрине бұл арада басты мақсат – елдік істерді одан әрі еңселендіріп, оны бүгінгі жасампаз еңбекпен сабақтастыру.