Қазақстан • 27 Қараша, 2019
Алматы инвестициялық форум - 2019 басталды
Биылғы форум Алматыда, Ритц Карлтон қонақүйінде өтіп жатыр.
Аймақтар • 27 Қараша, 2019
Алматыда селден сақтандыратын қондырғылар қойыла бастады
Тау баурайында орналасқан Алматы үшін сел қауіпсіздігі негізгі мәселенің бірі. Мегаполисті селден сақтау бойынша апат жөнінде ерте хабардар ететін дабыл сигналы бағдарламасы жаңа құрылғылармен толыға түспек. Шаһардағы төтенше жағдайлардың алдын алу және сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автоматты бақылау жүйесі Ақсай және Аюсай шатқалдарында бөгеттер салу жөнінде өткен брифингте айтылды.
Қазақстан • 27 Қараша, 2019
Қазақстан Елшісі Румыния Президентіне сенім грамоталарын табыс етті
Бухарест қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемовтың Румынияның Президенті Клаус Йоханниске сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Қараша, 2019
Халықаралық сарапшылар Қостанайдағы кәсіпорындарды аралап жүр
Халықаралық сарапшылар жеткізуші кәсіпорындарды дамыту республикалық бағдаламасы шеңберінде Қостанай облысындағы кәсіпорындарды аралап жүр. Оған қатысуға әзірге 10 компания сұраныс жасапты. Сарапшылар олардың арасынан 8 кәсіпорында болып, Еуропалық менеджмент сапасы қоры тәжірибесі негізінде олардың бизнес жағдайы туралы ақысыз бағалу жүргізді.
Қазақстан • 27 Қараша, 2019
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары белгілі болды
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №868 қаулысымен жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін 2019 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттарының есімдері анықталды.