Экономика • 27 Қараша, 2019
«Политерм» – Орта Азияда теңдесі жоқ кәсіпорын
Ақмола облысында жылу сақтауға арналған құрылыс материалдарын шығаратын зауыт іске қосылды. Орта Азияда теңдесі жоқ алып кәсіпорын «Макинск жылу сақтау зауыты» деп аталады. Жобаның жалпы құны 8 миллиард теңге. Бүгінгі күні бұл жерде 200-ге жуық адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.
Аймақтар • 27 Қараша, 2019
Ақтауда өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт жұмыстары жүргізілді
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жаңаөзен қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және олардың балалары, сонымен қатар «Жас Отан» жастар қанатының ерікті құрамдарымен бірлесе, Жаңаөзен қаласының бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып ауқымды түрде қоғамдық орындар мен халық көп шоғырланатын орындарда, яғни «Зиба» ойын-сауық орталығында халыққа жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Қараша, 2019
Ақмолада облыстық маңыздағы 411 шақырым жол жөнделді
Биыл бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 21,6 миллиард теңге бөлінген, нәтижесінде 411 шақырым жол жөндеуден өтті. Алайда, Үкімет жол жөндеуге қажет қаржының тек 50 процентін бөледі, қалғаны облыстық бюджеттен қарастырылуы тиіс. Ал бұл өңірдің бюджетіне салмақ салып отыр. Nur Otan партиясы депутаттар фракциясының жиынында осы мәселе көтерілді.
Аймақтар • 27 Қараша, 2019
Алматыны әлемдік кино түсіретін алаңға айналдыруға ниеттіміз - Б.Сағынтаев
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада шетелдік және отандық кинокомпанияларға фильм түсіруді ұйымдастыруға көмектесетін жаңа құрылым пайда болатынын Almaty Investment Forum алаңында айтты.
Аймақтар • 27 Қараша, 2019
Көкшетауда жас педагогтар бас қосты
Көкшетауда 100 жас педагогтың басын қосқан екінші облыстық форум өткізілді. Форумға жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері мен техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.