Президент • 27 Қараша, 2018
Сейілбек Мұсатаев: Барын бағалай білгеннің бағы баянды
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-философиялық мәні мен мазмұны терең, әр тармағы ұлттық идеяға айналуға дайын тұрған жаңа тұжырымдамалық мақаласы халқымыздың рухын аспандатып, жігерін тасытты. Елбасымыздың салиқалы ой толғауы исі қазақтың ғана жүрегін тебірентіп қоймай, түбі бір түркі тілдес халықтардың да мерейін өсіріп, тарихи әділеттілікті қайта қалпына келтіргендей болды.
Қазақстан • 27 Қараша, 2018
Азаматтық қоғамды дамыту – басым бағыттардың бірі
Бүгін Астанада «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында VIII Азаматтық форум басталады.
Білім • 27 Қараша, 2018
Жыл сайын шығып жатқан кітаптардың көптігі қуантады. Бірақ солардың ішіндегі тұщымды дүниелердің елеусіз қалатыны өкінішті-ақ. Қандай дүние болмасын − оны танытатын насихат. Бізде жақсы дүние екенін айту, жеткізу жағы кемшін.
Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń jýyrda jaryq kórgen «Uly dalanyń jeti qyry» atty maqalasy búginde 30-dan astam ult pen ulystan turatyn, jalpy sany 200 mıllıonǵa jýyqtaıtyn, ońtústik-batysta Jerorta teńizi jaǵalaýynan bastap, soltústik-shyǵysta Soltústik Muzdy muhıtqa deıingi Eýrazıa qurlyǵynyń apaıtós alyp dalasynda 6 táýelsiz memleket, onyń ishinde Reseı Federasıasynda 20-dan astam túrki tildes halyqtardyń túrli sýbektilerimen, keı jerde avtonomıalyq, keı jerde esh sýbektisi bolmasa da iri oblys quramynda ómir súrip jatqan túrki halyqtarynyń ortaq kóne tarıhyn qamtıtynymen erekshe deýge bolady. Iаǵnı osynaý baıtaq keńistikte bul halyqtar bir kezderi bir memleket quramynda ómir súrip, álemdik órkenıetke ózderiniń laıyqty úlesin qosty.
Парламент • 27 Қараша, 2018
Сенатта үшжылдық бюджет қаралды
Сенатта Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен палатаның жалпы отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды қабылдады. Отырысқа Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет мүшелері түгел қатысты.