Зерде • 01 Қараша, 2024
Қара адыр, қамыққан ауыл. Сүттей төгілген ай сәулесі. Маржандай тізілген қиял тізбегі, мөлдір дала алқабы. Ине жоғалса табылардай түрленген дала, шым етер бөтен ойы жоқ жүрек тыныштығы. Қатар-қатар осынау көріністің бәрі бір әнге сыярдай. Құдіретті «Бір бала» әніне.
Өндіріс • 01 Қараша, 2024
Маңғыстауда құрастырылған катер
Маңғыстау облысында құрастырылған «Шапшаң» әскери десанттық катері Каспий теңізіне түсірілді. Салтанатты іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Қарулы Күштердің контр-адмиралы Ратмир Камратов, әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатысты.
Тұлға • 01 Қараша, 2024
Кеңес билігі тұсында халқымыздың жоқшысы атанған тұлғаның бірі – Өзбекәлі Жәнібеков. Бұл қайраткер хақында Шерхан Мұртаза «ақ жүріп өткен аяулы азамат» деп өзінің жүрекжарды сөзін тауып айтқан.
Өнер • 01 Қараша, 2024
Қой жүнінен сәндік бұйым жасайды
Өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «Бір ауыл – бір өнім» конкурсының жеңімпаздары анықталды. Үздіктер қатарында Мәртөк ауданында қыш ыдыстар өндірісін жолға қойған Аркадий Гогель мен қой жүнінен этнобұйымдар жасайтын Ырғыз ауданының шебері Айдана Сағынғали бар.
Байқау • 01 Қараша, 2024
Кішкентай жүректің үлкен сағынышы
Қостанайда Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығармалардың республикалық байқауы қорытындыланды. Облыстық мәдениет басқармасының және Жазушылар одағы өңірлік филиалының қолдауымен биыл төртінші рет өтіп отырған балалар мен жасөспірімдерге арналған байқауға 22 прозалық туынды келіп түскен.