Қаржы • 01 Қараша, 2024
Жеке тұлғаларға берілген несие мөлшерлемесі 21,6%-ға өсті. Орташа мөлшерлеме қыркүйектің аяғына дейін 20,2% болған. Бұл туралы Ұлттық банктің «Қазақстанның банк секторы мен екінші деңгейдегі банктердің экономиканы кредиттеуі» туралы дерегінде жазылған.
Қоғам • 01 Қараша, 2024
Президент жазушыны мерейтойымен құттықтады
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы-драматург Роза Мұқанованың мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. Іс-шараға қатысқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Кәсіпкер • 01 Қараша, 2024
Шымкентте кәсіпкерлерге қандай жағдай жасалған?
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Райымбек Баталов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында Р.Баталов палата жанындағы көпфункционалды қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ «Invest Shymkent» фронт-кеңсесінің жұмысымен танысты.
Өнер • 01 Қараша, 2024
Динара Каиргожа музыканың құдіреті туралы айтты
Кең байтақ жеріміздің әр өңірінің өзіндік әншілік мектебі қалыптасқан. Ән өнерін қатты құрметеген халқымыз небір тамаша әндерді тудырды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Экономика • 01 Қараша, 2024
Алматыда автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелер өндірумен айналысатын «Kazakhstan Mobility Engineering» зауытының ресми ашылу рәсімі өтті. Зауыт «Астана Моторс» компаниясының құрылымына кіреді. 2023 жылдың сәуірінде «Астана Моторс» компаниясы «Motrex Co Ltd.» компаниясымен меморандумға қол қойып, Оңтүстік Корея технологиясы негізінде мультимедиялық құрылғыларды елімізде өндіру құқығына ие болған еді.