Аймақтар • 01 Қараша, 2024
Ақтауда есірткі заттарын жарнамалағандар ұсталды
Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлерімен қоғамдық орындарға есірткіні заңсыз жарнамалау фактілерінің алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қараша, 2024
Қазақстан уақытымен 7 желтоқсаннан 8-іне қараған түні Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда оның қарсыласы, жартылай орта салмақтағы белбеудің иегері Белал Мухаммад жарақатына байланысты кездесу өтпейтінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Қазақстан құны 7 миллиард долларды құрайтын 32 құжатқа қол қойды
Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар бойынша VII Қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты (KGIR-2024). Алаңда ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, энергетика және тау-кен өндіру салалары, қаржы секторы салаларындағы жетекші халықаралық және қазақстандық компаниялар басшыларымен бірге 500-ден астам бизнес өкілі, сондай-ақ отандық кәсіпкерлік сала өкілдері, инвесторлар жиналды. Пленарлық сессия «Жаһандық инвестициялық үрдістер: болашаққа көзқарас» тақырыбына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Ақмола облысында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысып, 3 адам көз жұмды
Ақмола облыстық Полиция департаменті 30 қазанда түнде Степногорск-Заводский тас жолында жолаушылар мінген жеңіл көлік тепловозбен соқтығысқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 01 Қараша, 2024
Оқушылар арасында V республикалық шешендік өнер байқауы өтті
Елімізде желілік «Абай мектептерінің» оқушылары арасында V республикалық «Іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысы» шешендік өнер байқауы өз мәресіне жетті. Оған әр өңірдегі Абай мектептерінен 30-ға жуық білім алушы қатысып, ойдың ұшқырлығы, тілдің шешендігі бойынша өзара бәсекеге түсті. Биыл республикалық байқаудың қорытындысы Ақмола облысында шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.