Жоба • 01 Қараша, 2023
Инвестициялық жобалар пысықталды
Түркістан қаласына кіреберіс тұстағы өндіріс аймағында көкөніс сақтайтын заманауи қойма салынбақ. Келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында ел игілігіне тапсырылатын қоймада жалпы 4 мың тонна көкөніс, оның ішінде 2 мың тонна картоп, 1 мың тонна пияз, 250 тонна сәбіз сақталады. Сонымен бірге қырыққабат сақтайтын камералары да іске қосылады, 35 адам жұмыспен қамтылады. Ал 500 тонна көкөніс құрғақ қоймада орналастырылады.
Аймақтар • 01 Қараша, 2023
Автомобиль жолдарын қақаған қыста күтіп ұстау мен сақтаудың ерекше әдістері бар. Қалың қарды сырып тастағаннан кейін жұқа қар күннің көзімен жіпсіп еріп, шағын ойықтарға құйылады. Ол жерге қатқан мұздың көлемі үлкейіп, асфальтты бұзады. Сөйтіп, бұрынғы ойықтарды үлкейтіп, шұңқырға айналдыруы мүмкін.
Қоғам • 01 Қараша, 2023
Рудныйдағы «Сарыбай-Соколов» кен байыту комбинатына иелік етіп отырған «ERG» компаниясы Костенко шахтасында қаза тапқан, зардап шеккен кеншілердің отбасына 400 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беретін болды.
Аймақтар • 01 Қараша, 2023
Жолдың кеңейгені – мүмкіндік көбейгені
Жуырда бір азамат еліміздің батысынан шығып, Алматыға дейінгі сапарында жол сапасын түсіріп, оны әлеуметтік желіге салыпты. Сонда байқағанымыз, батыс өңірлерге қарағанда біздің аймақтағы жол жағдайы біршама тәуір екен. Қызылорда облысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесі осы шағын бейнеүзіктен анық байқалады.
Құрылыс • 01 Қараша, 2023
Өнеркәсіп қаласының құрылысы басталды
«Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» ЖШС жобасы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында қазу жұмыстарын бастады. Кәсіпорын 200 гектар аумақта құрылыстың бірінші кезеңін іске асырып жатыр. Оның ішінде инженерлік желілер мен магистральдық көшеннің құрылысы да бар.