Саясат • 01 Қараша, 2023
Макрон Қазақстанға қандай себеппен келе жатыр?
Бүгін, 1 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келеді. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды. Мемлекет басшыларының кездесуінен кейін қос елдің қарым-қатынасы қай бағытта дамуы мүмкін? Осы және өзге де өзекті мәселелер туралы Egemen.kz kazinform материалына сілтеме жасап хабарлайды.
Спорт • 01 Қараша, 2023
Елена Рыбакина алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті
Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Канкунде (Мексика) өтіп жатқан WTA финалдық турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 01 Қараша, 2023
V Бүкіләлемдік жауынгерлік ойындары мәресіне жетті
Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядта V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары аяқталды. Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс, 23 қола медальдармен жалпы есепте 3-орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Сенат • 01 Қараша, 2023
Ауаның ластануы: Өзекті мәселелер мен ұсынымдар
Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечинаның төрағалық етуімен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібі бойынша комиссияның алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өтетін көшпелі отырысы аясындағы экология мәселелері талқыланды.
Аймақтар • 01 Қараша, 2023
5 қарашада Атырау облысында Исатай және Қызылқоға аудандарының әкімдері сайланады. Екі аудан тұрғынының сенімін ақтап, әкім орын тағын иелену үшін 6 үміткер тіркеліп отыр. Алтауы да мемлекеттік қызметте жұмыс істейді.