Тұлға • 02 Қараша, 2024
Елдің ардағы, сатираның саңлағы
Адамға қызмет – абыройлы міндет екенін ерте сезінген ақын-сатирик Шона Смаханұлы шығармашылық мұрасында ел мүддесіне қатысты мәселелердің бәріне ерекше ден қойып, оны әзіл-ажуа, сын-сықақ, шаншыма-шымшымалары арқылы әр қырынан ашып, кең көлемде көрсетті. Тақырыбы мәнді, жанр жүйесі айқын, мазмұны байтақ, көлемі қысқа-нұсқа сатиралық туындылары – қоғамның өзекті тұстарын, заманның шындығын, адам әлемінің мың сан қатпарларын кеңінен көрсетіп, тиісті тұста өткір тіл, орамды ой, шымыр шумақтарымен жүйелі жеткізеді.
Спорт • 02 Қараша, 2024
Нұрқожа Қайпанов – әлем чемпионы!
Албанияның астанасы Тиранада күрес түрлерінен Олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Аталған жарыста еліміздің 12 балуаны өнер көрсетіп, солардың үшеуі елге олжалы оралды. Байрақты бәсекеде Ержет Жарылқасын мен Жәмила Бақбергенова күміс алса, Нұрқожа Қайпанов бас жүлдені олжалады.
Шымкент • 02 Қараша, 2024
Шымкент қаласында бірқатар әлеуметтік маңызды нысан, тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бірнеше тұрғын үй қайта жаңғыртылды. Нысандардың тапсырылу, ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты.
Таным • 02 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Мұрасын итке қалдырған
86 жасында қайтыс болған үндістандық кәсіпкер 91 миллион фунт стерлингке бағаланған байлығын итіне, сондай-ақ қызметкерлеріне өсиет етті.
Аңдатпа • 02 Қараша, 2024
4 қараша - «Жалқаудың жыры» Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақ музыка-драма театрында А.Аламанның «Жалқаудың жыры» ертегісі қойылады. Режиссері – Р.Сабырғалиев.