Президент • 01 Қараша, 2023
Қазақстанда аусылға қарсы вакцина шығарыла бастайды
Мемлекет басшысы Boehringer Ingelheim France компаниясының президенті Кристиан Вайзенді қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық QazBioPharm холдингі мен Францияның Boehringer Ingelheim компаниясы арасында технологияларды беру туралы қол жеткізілген келісімнің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2023
Қазақстан Президенті Францияның бизнес өкілдерін қабылдады
Мемлекет басшысы қазақ-француз бизнес форумы аясында Францияның бизнес құрылымдарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қараша, 2023
«Митталдың ашық әңгімесі»: Әлеуметтік желіде Митталдың жалған сұхбаты тарады
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Митталдың ашық әңгімесі» деп аталған хабарлама тарады. Мәтінде бұл Arcelor Mittal металлургиялық компаниясының ортақ иеленушісінің журналистпен «әңгімелесуінен үзінді» деп жазылған. АМТ баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қараша, 2023
Нәтижелі жұмыспен қамтуда нәтиже бола ма? – депутат
Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Әуесбаев Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдап, жұмыспен қамтудағы жүйесіздік жайын қозғады. Жыл сайын нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту үшін қыруар қаражат жұмсалғанын, алдағы уақытта да қомақты сома бөлінетінін айтты.
Президент • 01 Қараша, 2023
Қазақстан – Еуропа мен Азия арасын байланыстыратын алтын көпір - Эмманюэль Макрон
Франция Президенті серіктестікті көлік бағыттары, ең алдымен «Орта дәліз» арқылы дамыту маңызды екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.