Аймақтар • 01 Қараша, 2023
Жаттығамын десең, спорт кешеніне бар
Енді Жетісуда мұз айдыны бар. Қысқы спортқа көңілі құштар жастар қалағанынша облыс орталығында мұз үстінде сырғанауға болады. Одан бөлек, өңірде бұқаралық спортты дамыту үшін, әсіресе, ауылдық жерлерде ілгерілету мақсатында 3 спорт кешені іске қосылды. Оның екеуі Панфилов ауданында болса, біреуі Қараталда есігін ашты.
Сұхбат • 01 Қараша, 2023
Серік ӨМІРБЕКОВ: Алдамшы өмірде адасып кету оңай
Қазіргі жастар Серік Өмірбековті білмеуі де мүмкін. Бірақ аға буын өкілдері осы шомбал жігіт өткен ғасырдың 80-90-жылдары шаршы алаңды шайқағанын әлі де ұмыта қойған жоқ. Ауыр және аса ауыр салмақта жұдырықтасқан қазақтың өр мінезді ұлы өзінен әлдеқайда ірі қарсыластарын кескен теректей сұлатып салғанына біз де сан мәрте куә болдық. Таяуда бокстан КСРО чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Серік Өмірбековпен жолығып, тартымды бір әңгіменің тиегін ағытқан едік.
Бокс • 01 Қараша, 2023
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесі бойынша рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Спорт • 01 Қараша, 2023
Сауд Арабиясының астанасы Әр-Рияд қаласында аяқталған V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында ел құрамасы үздік үштікке енді.
Теннис • 01 Қараша, 2023
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Мексикада өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінің екінші матчында жеңіске жетті.