Қазақстан • 27 Қараша, 2018
«Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жобасы басталды
Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жобасының тұсаукесер рәсімі өтті. Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен тұсауы кесілген жоба Мемлекет басшысының жасампаз идеялары мен бастамаларын, кітапхананың бірегей қорларын насихаттап, көрерменді Елбасы Н.Назарбаевтың өмір жолы және қызметімен таныстырады.
Қазақстан • 27 Қараша, 2018
Ұлы даланың өркениетке қосқан үлесі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын ұлтымыздың ұлы мұратын, халқымыздың арман-аңсарын арқалаған игі бастама ретінде көпшілік ықыласпен қабылдаса, алматылық зиялы қауым өкілдері де қала әкімдігінде бас қосып, өз ойларымен бөлісті.
Алтайдан тараған жұртқа да ортақ - Амангелді Құрметұлы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы − тек отандастарымыздың ғана емес, күллі түркі жұртының көңілінен шыққан, болашаққа бағдар болар еңбек. Елбасы мақаласында айтылған ойлар Орталық Азиядағы, түркі дүниесіндегі, тіпті тұтас Еуразия құрлығындағы интеграциялық үдерістерді бақылап отырған сарапшылардың назарынан тыс қалған жоқ. Түркітілдес мемлекеттердің, бірқатар Батыс елдері ақпарат құралдарының мақала жайлы хабар таратуы соның айғағы.
Аймақтар • 27 Қараша, 2018
Ақтөбеде жетпіс мың адамның жалақысы өседі
Ақтөбе аймағында еңбекақы мөлшерін өсіру мен реттеу мәселелерін талдайтын арнайы жұмыс тобы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғаннан кейін іле-шала құрылған-ды. Топ мүшелері ең алдымен аймақтағы айлық жалақылары 42 500 теңгеден төмен халық санын анықтауды көздеген болатын.
Аймақтар • 27 Қараша, 2018
Батыс Қазақстанда бірнеше кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы көбейді
Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын төмен жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысын өсіретіні туралы хабарлады. Осы арқылы компания басшылары Елбасының Жолдауында айтылған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» бастамасына қолдау көрсетуде.