Теңге • 02 Қараша, 2023
Төл теңгеміздің тарихы ақша айналысқа енген 1993 жылдың 15 қарашасынан бастау алады. Оған дейін ел азаматтары түрлі валюта құралын пайдаланып келді. Соңғы қолданылған ақша бірлігі Қазақстан КСРО құрамында болған кездегі кеңестік рубль-тұғын.
Энергетика • 02 Қараша, 2023
Қостанайда келешекте елімізде салынуы мүмкін АЭС құрылысына қатысты қоғамдық талқылау өтті. Басқосуға қатысқан сарапшылар, ядролық физика мамандары өңірдің белсенді азаматтарының АЭС жөніндегі пікірін тыңдап, тұрғындардың сан сауалына жауап берді. Көпшілікке жаңа қуат көзін басқа емес, атомнан іздеудің себебі не? Жалпы, Қазақстанға АЭС-тің керегі не, берері не деген мәселелерді түсіндірді.
Депозит • 02 Қараша, 2023
БЖЗҚ активтері банктерге беріледі
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» активтері екінші деңгейлі банктердің ұзақмерзімді облигацияларына инвестициялануы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов хабарлады.
Шаруашылық • 02 Қараша, 2023
Күзгі жиын-терін жұмыстарының бірі – жүгері жинау науқаны. Бұл күнде алтын түстес жүгерінің жоғары сапалы жаңа тұқымын өсірумен айналысатын Еңбекшіқазақ ауданындағы «Будан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысы қыза түскен. Еліміз бойынша элиталық жүгері тұқымын өндірумен тұрақты түрде айналысатын кәсіпорынның жеткен жетістіктері аз емес. Бұл шаруашылық еліміздегі жүгері өсірушілердің – 65 пайызын, ал Алматы облысының жүгері өсірушілерінің 90 пайызын жоғары сапалы тұқыммен қамтып келеді.
Қаржы • 02 Қараша, 2023
Жеке тұлға банкроттығы: Заңнамалық өзгерістер енгізіледі
Жеке тұлғалар банкроттығы басталғалы бері азаматтардан 70 мың өтініш келіп түсіпті. Өтініштер алты ай бойы қарастырылып, нәтижесінде 6 400 адам банкрот деп танылды. Олардың жалпы берешек сомасы – 9 млрд теңге. Алты мыңнан аса адамның 645-і атаулы әлеуметтік көмек алушылар екен. Алдағы уақытта заңға бірқатар өзгеріс енгізілмек.