Салық • 02 Қараша, 2023
Қосылған құн салығы: Мөлшерлеме траекториясын әртараптандыру керек
Қыркүйек айында Ұлттық экономика министрлігі қосылған құн салығын (ҚҚС) 12 пайыздан 16 пайызға көтеру керектігін, нәтижесінде ел бюджетіне 2-2,4 трлн теңге түсетінін айтты. Бұл қаржы – Ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінетін кепілдендірілген трансфер көлемімен бірдей.
Экономика • 02 Қараша, 2023
Ел экономикасын жарылқайтын банк
Осыдан екі ай бұрын Ұлттық банк мөлшерлемені 25 базалық тармаққа төмендету туралы шешім қабылдап, +/–1% дәлізімен 16,5% деңгейінде қалыптастырған-ды. Мамандар бұған инфляцияны тежеу үшін жоғары базалық мөлшерлеме теориялық тұрғыдан қажет, өйткені несиелер қымбаттап, ал депозиттер тиімдірек болуға тиіс деген еді. Нәтижесінде, базалық мөлшерлеменің біртіндеп баяулауы тауарлар мен қызметтерге деген сұранысты шектетіп, баға деңгейінің төмендеуіне әкелді. Сол айда Ұлттық банктің кредиттік портфелі 25,4 триллион теңгеге қалыптасып, алдыңғы айлармен салыстырғанда 2,3%-ға артық көрсеткіш көрсетті.
Еңбек • 02 Қараша, 2023
Жұмыссыздықты қалай азайтамыз?
Үкіметтің алдында жыл соңына дейін 1 миллионға жуық адамды еңбекпен қамту міндеті тұр. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 734 мың азамат жұмыспен қамтылған. Олардың басым бөлігі – жастар. Осы орайда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 35-ке дейінгі отандастарымыздың нарықтағы қажеттілігіне, мүмкіндігіне зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесінде, респонденттердің тек 28,8 пайызының мамандығы бойынша қызмет істеп жүргені анықталып отыр.
Президент • 02 Қараша, 2023
Еуропа одағындағы стратегиялық серіктес ел
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізді. «Ақорда» резиденциясында елімізге ат басын бұрған Франция Президенті Э.Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Денсаулық • 02 Қараша, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілгенімен, оның жағдайы әлі де мәз емес екенін сынай келіп: «Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен. Тіпті сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл – үлкен олқылық», деген еді.