Жоба • 02 Қараша, 2023
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету үшін такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі қанатқақты жоба басталғалы Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 25,9 мың рет көрсетілді.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Көмір таппай ел дал, қызығын көрген делдал
Арқаға алғашқы қар жауып үлгерді. Ауылдағы ел-жұрт күздің қара суығы сезіле бастаған бетте пешке от салған. Көп ел көмір сарайын толтырып алған. Қарағандыда былтырғыдай көмір сататын орындарда дүрбелең жоқ. Арнайы орындарда жеткілікті көлемде әзірлеп қойған. Алайда ауылдағы ағайынның қалтасын делдалдар қағып тұр. Қолдарын ысқылаған әлгі алыпсатарлар «апарған көмірімізді бәрібір алады, басқа көмір қайдан келсін?» деген пейілде. Шалғайда жатқан ел шынымен қысқы отынға қалай қол жеткізсін? Амалы жоқ, алады...
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Елімізде жол ережесін сақтау бойынша шаралар қабылданып, заңдар қатайтылып, жол бойына камералар орнатылғанына қарамастан, жол апаты мен соның салдарынан болған адам шығыны азаймай тұр. Бас прокуратура жариялаған жол-көлік оқиғалары деректері жол үстінде қаза тауып жатқандар қатары әлі де көп екенін көрсетеді.
Туризм • 02 Қараша, 2023
Туризмге де ғылыми көзқарас керек
Елдегі туризмді дамытуға мемлекет жыл сайын миллиардтаған қаражат жұмсап, түрлі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырып жатыр. Алайда туризмнің дамуы кешеуілдеп тұр. Мұның себебін ғалымдар туризм саласындағы ғылыми көзқарастың аздығымен байланыстырады.
Білім • 02 Қараша, 2023
Жетісуда білім деңгейі неге төмен?
Осы сауалға жауап табу қиын болып тұр. Сала мамандары білікті кадрдың аздығын алға тартса, қарапайым халық ұстаздардың деңгейіне күмәнмен қарайды. Жә, жаңа өңір, жұмыс оңалады дейміз-ау, әйткенмен жемқорлықтың ордасына айналған саланың ел ішінде қадірі кетіп барады. Мәселен, облыстағы мектептердің дені заман талабына сай емес. Тіпті интернетсіз отырған ауылдар да бар.