Бизнес • 27 Қараша, 2017
Иран Қазақстаннан алатын қой еті көлемін сегіз есеге ұлғайтты
Биыл Иран Ислам Республикасы Қазақстаннан алатын қой еті көлемін сегіз есе ұлғайтты. «Қазақ қойын тірілей де, сойып та сатып алып жатқан ирандықтардың үлгісі бүкіл Таяу Шығыс нарығына жол ашады» дейді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің халықаралық қатынастар департаменті директоры Ұлбосын Сарыбаева.
Аймақтар • 27 Қараша, 2017
Ақтау теңіз порты жаңа кемелермен толықты
Ақтау портында «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының ұйымдастыруымен «Ембі» және «Талас» сүйреткіш кемелерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі egemen.kz тілшісіне.
Аймақтар • 27 Қараша, 2017
Келер жылы БҚО-ның 100 елді мекеніне кеңжолақты интернет барады
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында жаңа жобалар жүзеге аспақ. «Келер жылы 100-ге жуық елді мекен кең жолақты интернетпен қамтылады», деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов «Aqjai’yq» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Әкім сағаты» хабарында.
Аймақтар • 27 Қараша, 2017
Оралда латын қарпімен шыққан кітаптардың көрмесі ашылды
Орал қаласында «Qazaq kitaptari 1929-1940 zhyl» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеге 1929-1940 жылдар аралығында латын қарпімен басылып шыққан 100-ден аса кітап қойылған.
Бизнес • 27 Қараша, 2017
Индустриялды аймақтың әлеуеті мол
Бүгінгі күні республиканың қай өңірінде де инвестициялық тартымдылықты тереңдетудің рөлі, мәні мен мазмұны жоғары. Бұл тұрғыда индустриялды аймақтардың тигізетін ықпалы мол. Бұған дейінгі жасалған талдаулар мен зерттеулер индустриялды аймақтар құрылған облыстарда бұл заманауи құрылым әлі қалыптасып үлгермеген өңірлермен салыстырғанда тартылған инвестиция мөлшері әлдеқайда артық екенін көрсетеді. Егер осы айтылған тұжырымды Ақтөбе облысы мысалында одан әрі нақтылай түсер болсақ, есептік кезең ішінде аймақ экономикасын одан әрі дамытуға тартылған инвестиция мөлшері -313 миллиард теңгеден асып түседі. Салыстырмалы түрде алғанда бұл жоғары сома, биік көрсеткіш. Осы арқылы Ақтөбе инвестиция тартуда республика облыстары арасында ең алдыңғы қатарға шығып отыр.