Денсаулық • 02 Қараша, 2023
Дәрігер кеңесі: Ағзаны суыққа дайындап үлгеріңіз
Қылышын сүйретіп келетін қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жанның жылулығын сақтайды. Бұл – мезгілдің адамға әсері. Десе де қыстың қақаған аязына ағзаны дұрыс дайындаған абзал. Бұл дайындықты күз мезгілінің басынан-ақ бастаған жөн. Себебі, ауру айтып келмейді, оның алдын алу дұрысырақ. Осыған орай Egemen.kz тілшісі ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жоғары санатты әдіскер-дәрігері Гүлнар Тұрдыновамен кеңесіп көрді.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Қонаев тұрғындары қауіптеніп отыр: елді мекендер шекарасы неге өзгерді?
Қонаев қаласының әкімдігі елді мекендер шекарасының өзгеруіне байланысты мәлімдеме жасады. Шаһар басшысы Нұрлан Құматаевтың айтуынша, Заречный ауылдық округінің (Заречный, Арна ауылдары) 9757 гектар жері «G4 city» жобасының құрамына енуіне байланысты тұрғындар негізсіз қауіптеніп отыр. Ол аталған өзгерістің халықтың тұрмыс-тіршілігіне еш әсер етпейтінін атап өтті. Себебі, тұрғындар қазіргі әлеуметтік және әкімшілік орталықта қызмет алатын болады.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Қаза тапқан 17 кеншінің отбасына әлеуметтік төлем тағайындалды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Костенко атындағы шахтада орын алған апат салдарынан қаза тапқан 17 кеншінің балаларына жәрдемақы мен төлемдер тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Қараша, 2023
Елордаға Әзербайжан Президенті келді
Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ұшып келді. Құрметті қонақты Премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Қазақ балуаны әлемдік рейтингте көш бастады
ҚР Ұлттық ұланы Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі еркін стильдегі балуан Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.