Экономика • 01 Қараша, 2019
Киберқауіпсіздік: Ғаламтор ұрыларына тұсау болмай тұр
Бүгінгі дәуір инновациялық технологиямен тығыз байланысты. Ғасыр игіліктері өмірді жеңілдетіп, өркениетті қоғам құруға адамзатқа қолғабыс етуде. Алайда, цифрлы әлемнің пайдасымен қатар қатерлі тұстары да бар. Тұрмыс-тіршілігіміз цифрлы форматқа ауысқан сайын қорғансыз жақтарымыз да айқындалып жатыр. Мәселен, биылғы сайлау науқанында 11 миллиондай қазақстандықтың жеке мәліметтері қолды болғаны есімізде. Сондай-ақ мыңға жуық азаматтың Damumed жүйесіндегі жеке ақпараты интернетке лезде таралған еді. Бұл киберқауіпсіздік мәселесінің өзектілігі уақыт санап артып келе жатқанын көрсетеді. Осы ретте «Қорғансыздың күнін» кешуге неге мәжбүрміз деген сұрақ туындайды?
Экология • 01 Қараша, 2019
Алматы экологиясын жақсартудың жолы қандай?
Алматының экологиялық мәселесі бүгін немесе кеше туындаған проблема емес, миллиондар тоғысқан мегаполис тұрғындарын көптен алаңдатқан ахуалдың бірі. Айтыла ақжем, жазыла жауыр болған бұл тақырыптың жарасы қашан жазылады? Мұны түбегейлі реттеудің кешенді жолдары қандай? Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қала активімен келелі кеңес өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптің көкейін кернеген осы жайдың тамырын тап басып, шаһардың экологиялық проблемасын түбегейлі реттеуді тапсырғаны белгілі.
Медицина • 01 Қараша, 2019
Медициналық сақтандыру мемлекетке де, қызмет көрсетушілерге де, пациенттерге де тиімді
Бүгінде елімізде 2020 жылдан бастап енгізілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне әзірлік жан-жақты жүргізілуде. Сақтандыру медицинасы азаматтың тапқан табысына, аударған жарна көлеміне қарамастан медициналық көмектің барлық түрін алуына мүмкіндік береді. Оның ішінде жоспарлы стационарлық көмек те, дәрі-дәрмекпен қамту да, жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлері мен оңалту да, диагностикалық-консультациялық көмек те, медбике күтімі мен паллиативтік көмек те бар. Менің ойымша, бұл Қазақстанға тиімді және әділ үлгі.