Қоғам • 04 Қараша, 2019
Жастарды қолдау – тұрақтылық пен орнықты дамудың негізі
Жалпы, тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз жастарды қолдауға басымдық беріп, осы бағытта көптеген шараны жүзеге асырды. Әсіресе, соңғы уақытта ел жастарына көңіл бөлу, оларды барынша жан-жақты қолдау ісі ерекше қарқын алды. Мұның басты айғағы ретінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағытта берген тапсырмалары шеңберінде нақты, жүйелі шаралар қабылданып, жүзеге асырылуын айтуға болады.
Қоғам • 04 Қараша, 2019
«Жас шекарашы» мамандандырылған сыныбы ашылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беріп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру үшін елімізде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын құру керектігін айтқан болатын. Былтыр Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әскери-патриоттық тәрбиені жандандыру әрбір орта оқу орындарына осы жұмысты қолға алуды тапсырған еді.
Қазақстан • 04 Қараша, 2019
Жоғары оқу орындары жұмыссыздарды көбейтіп отыр ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында білім берумен емес, диплом сатумен айналысатын университеттерді қатаң сынға алған еді. Бас басылым бетінде ЖОО-лар жөнінде ұдайы түйткілді тақырыптар көтеріліп келеді. Әлбетте Президент атап өткендей, кейбір университеттер лайықты деңгейге қол жеткізе алмай, мемлекеттен қолдау көрсетілсе де білімді бизнеске айналдырып отыр. Мұндай сөз көбіне жекенің иелігіндегі университеттерге қарата айтылады. Осы орайда Білім және ғылым министрлігі жүргізген білім беру бағдарламалары бойынша рейтингте екі шет тілі, қазақ тілі мен әдебиеті сынды мамандықтарды оқытуда үздіктер қатарынан көрінген Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, философия ғылымдарының докторы, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Телисжан АЙТКАЗИНМЕН әңгімелескен едік.
Руханият • 04 Қараша, 2019
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының Абай нұсқасы
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – түркі халықтары арасында кең тараған және сюжеттік фабуласы ерте замандарда пайда болған көне эпостық мұралардың бірі. Жырдың бірнеше версиясы мен жиырмадан аса нұсқасы қазақ арасында көп ғасырдан бері айтылып келгені, оны қалың көпшіліктің ерекше сүйіп тыңдағаны да белгілі. Оғыз-қыпшақ кезеңінің кемел туындысын Жанақ, Шөже, Орынбай, Сыбанбай, Бекбау, Мәшһүр-Жүсіп, Бейсенбай, Уәйіс, т.б. дарынды қазақ ақындары мен жыршы-жыраулар дамыта орындап, кейінге жеткізген. Десе де зерттеушілер осылардың арасындағы елге кең танылған әрі ең көркем үлгілері Алаштың айтулы ақындары Шөже мен Жанақтан тараған деп санайды.
Парламент • 04 Қараша, 2019
Мәжілістің бюро отырысын өткізді
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.